алды? Айналаңдағылардың қайсысына олар тікелей қатысты?». Жабырқау жасөспірімнің тіпті жек көрушілік, ашынғандық немесе кек алуға деген ұмтылыс сияқты жағымсыз эмоциялары болса да өз сезімін білдіруі тиіс екендігіне көзін жеткізу керек. Егер, адам өзінің ішкі сырымен бөлісуге сенімсіздік танытқан жағдайда «Меніңше, сенің көңіл-күйің жоқ, ренжулі сияқтысың», немесе: «Сен қазір жылауға дайын тұрсың» деп назарын өзіңізге аударуыңызға болады. Сондай-ақ, «Сенің түріңнен абыржулық байқалады, егер сен ішкі сырыңмен бөліссең, мен сені түсініп, көмектесуге тырысып көремін» деп айту өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |