10. Суицид қаупінің дәрежесін бағалаңыз



бет8/9
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#77967
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДНАМА

6. Сұрақтар қойыңыз. «Өзіңе-өзің қол жұмсағалы жатқан жоқ шығарсың?» деген жанама сұрақты қойғанда, өзіңіз естігіңіз келіп тұрған жауапты ала аласыз. Егер, жақын адамыңыз «жоқ» деп жауап берсе, онда суицидтік күйзелісті шешуге көмектесе алмауыңыз әбден мүмкін.

Сабырлы және сенімді түрде қауіп төндіруші жағдай туралы сұрау керек, мәселен, «Қай уақыттан бері өміріңнен күдер үзіп жүрсің? Бұл сезімдер неге сені мазалап жүр деп ойлайсың? Өзіңе-өзің қандай әдіспен қол жұмсағалы жүрсің? Бұрын-соңды өзіңе-өзің қол жұмсау туралы ойлағанда сені не тоқтатушы еді?». Суицидентке көмек беру үшін оның ойлары мен ішкі сезімдерінен жауап іздеп, «Басқаша айтқанда, сен былай демексің ғой ...» деген сияқты сөздермен оларды қайталап айту арқылы, жауаптарды нақтылап отыру керек. Сіздің айыптауларыңыздан қорыққан жабырқап жүрген адам үшін оны ерекше сабырлылықпен, қызығушылықпен тыңдауыңыз үлкен жеңілдік әкеліп, оның өмірмен қоштасуға деген әрекетіне жол бермеуге себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет