4. Зейінді тыңдарман болыңыз.Суициденттер әсіресе оқшаулану сезімінен қайғырады. Осыған қарамастан, олар айтылған кеңестерді тыңдай бермейді. Көбіне олар өз проблемалары туралы айтқанды қажет етеді, және «Менде өмір сүру үшін қажет ешқандай себеп жоқ» деп санайды. Жабығуға ұшыраған адаммен әңгімелескеннен гөрі, оның өзін сөйлетуге тырысу, оның ішкі сырын ақтаруға жетелеу керек. Мұндай адамның жан сыры қайғы немесе кінә, қорқыныш болмаса ыза болса да, Сіз тыңдап, түсіну арқылы оған баға жетпес көмек көрсетесіз. Кей сәтте үнсіз, жай ғана жанында отырғаныңыздың өзі оның жанын түсінгеніңіздің дәлелі ретінде медеу болады.
5. Дауласпаңыз.Суицид қаупіне тап болған кезде достары мен туыстары көбінесе жасөспірімнің суицидтік мінезіне орай былайша реніш білдіреді: «Сен басқаларға қарағанда, едәуір жақсы өмір сүресің, одан да тағдырыңа алғыс айтқаның жөн» немесе «Отбасыңа қандай ұят пен бақытсыздық әкелетініңді түсінесің бе?». Мұндай сөздер оларды одан сайын мұңайтады.