Психологиялық қорғаныстың маңызды механизмдерінің бірі оңтайландыру болып табылады. Суициденттің өз жағдайынан хабардар ету тілегінің себебі жағдайға алаңдату туғызу болып табылады. Егер Сіз, алаңдатушылық не қызығушылық танытпасаңыз, депрессивті жасөспірім мұны қабыл алмау және сенімсіздік таныту деп бағалайды. Ал, егер Сіз, оны ерекше қамқорлыққа және махаббатқа баурап, әңгімелессеңіз, өзін-өзі өлтіру қаупін әжептеуір төмендетуіңіз мүмкін. Былай болмаған жағдайда, қамқорлықты қажетсінген жасөспірімге жәрдем дер кезінде берілмеу салдарынан оның тағдырына балта шабылуы, яғни, суицид орын алуы әбден мүмкін.
8. Конструктивті амалдарды ұсыныңыз.Психикалық қолайсыздықтың қайнар көзін анықтау – суицидтің алдын-алудың бірден бір маңыздысы болып табылады. Бұл өте қиын болуы мүмкін, себебі, суицидтің «қоректі ортасы» – құпия екенін ұмытпаған жөн. Әңгімелесуге тартатын едәуір тиімді сұрақтар болып мыналар табылады: «Соңғы уақыттары саған не болып жүр? Өзіңді қашаннан бері нашар сезінудесің? Бұл өзгерістер пайда болғалы бері өміріңде нендей жағдайлар орын