№11-семинар: Аммиак өндірісі. Процестің физика-химиялық негіздері



бет1/5
Дата13.09.2024
өлшемі1,69 Mb.
#204252
  1   2   3   4   5

СӨЖ Тақырыбы: Қазақстандағы аммиак өндірісі. КазАзот

Орындаған: Олжабекова Ж.Е

Қабылдаған: Балгышева Б.Д

Жоспар:

Кіріспе

Аммиак

Негізгі бөлім

1.Аммиактың физикалық, химиялық қасиеттері

2.Өнеркәсіпте алынуы

3.Қолданылуы

4.Қазақстандағы аммиак өндірісі.КазАзот

Қорытынды

Тест сұрақтары

  • Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді;

  • қалыпты жағдайда - өткір иісті; (ерітіндісі-мүсәтір спирті); түссіз газ;
    ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл; суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді.

Физикалық қасиеті:

  • Аммиак — түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ.
  • Балқу температурасы -77,8°С,
  • қайнау температурасы -33,4°С.
  • Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем амм ериді.
  • Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2O түзе
  • Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусә спирті деген атпен медицинада қолданылады.

Алынуы:


Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4Cl мен сөндірілген әкті Са(ОН)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады.
Реакция теңдеуі:
2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O

Өнеркәсіпте алынуы:


Аммиак өнеркәсіптік жолмен азотты сутегімен қосу арқылы алады. Азот ауадан, сутегі судан алынады. Алғаш рет әдіс неміс химигі Фриц Габер қолданды. Аммиакты алудың өнеркәсіптік тәсілі Габер процесі деп аталады. Реакция көлемнің азаюы және жылу түрінде энергия бөліну арқылы өтеді:
3H2 + N2 → 2NH3 + Q
Реакция - қайтымды, сондықтан бірнеше шарттар сақталуы қажет. Жоғары қысым және төмен температура кезінде алынған аммиактың шығымы көп болады. Алайда төмен температуралар реакция жылдамдығын баяулатады, ал температураның көтерілуі кері реакция жылдамдығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет