Көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығын реакцияға бөгде бір заттарды қатыстыру арқылы өзгертуге болады.Бөгде заттардың аз ғана мөлшері әсерінен реакция жылдамдығы кенеттен өседі,не азаяды,ал бөгде зат реакция аяғында таза күйінде бөлініп шығады.Бұл құбылысты «катализ» деп,ал реакция жылдамдығын өзгертетін бөгде затты «катализатор»деп атайды.
Катализ реакцияласушы заттармен аралық химиялық қосылыс түзетін зат – катализатор қатысында термодинамикалық мүмкін химиялық реакцияның жылдамдығын және механизмін таңдамалы өзгертетін көп сатылы физика-химиялық процесс. Катализ терминін 1855 ж. Швед химигі Берцелиус ұсынған. Қазіргі кезде әлемдегі химиялық өнімдердің 90 %-ға жуығы каталитика-лық өңдеу жолымен алынады. Мұнайхимиялық, химиялық және мұнай өңдеу өндірістерінің техникалық прогресі катализдің же-тістіктеріне байланысты. Катализ катализатор әсерінен реакция жылдамдығын артты-ратын оң катализ, химиялық өзгеріс жылдамдығын төмендететінтеріс катализ болып бөлінеді.
Катализ құбылысы ерте заманнан белгілі,бірақ оны ғылыми түрде зерттеу өткен ғасырдың басында басталған.Катализ дейтін терминді ғылымға 1836 жылы Берцелиус енгізген. Катализдік реакциялар табиғатта кең таралған,олардың химиялық технологияда және өмірде де маңызы өте зор.Катализатор қолдану арқылы қажетті бағытта жүргізе аламыз.
Химиялық өнеркәсіптің өте маңызды үдерістері – күкірт қышқылын алу,аммиакты синтездеу,азот қышқылын алу көптеген реакциялар катализатор қатысында жүреді.Кейбір катализаторсыз өтеді дейтін реакциялардың өзінде ыдыс қабырғасы,реакция жүретін орта (су) немесе реакция өнімі катализдік қасиет көрсетіп реакция жылдамдығын өзгертеді. Катализаторлардың әрекеттесуші заттар және аралық өнім-дермен әркеттесуінің химиялық сипатына қарай каталитикалық реакциялар қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану реакцияларына жіктеледі. Қышқылдық-негіздік реакция лардың аралық активті бөлшектері иондар, ал катализаторолардың түзілуін, протонды реагентке немесе реагенттен катализаторға беру арқылы иницирлейді. Бұл жағдайда катализатор рөлін қышқылдар (қышқылдық катализ) және негіздер (негіздік катализ) атқарады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы аралық активті бөлшектері – катализатордың активті орталықтары мен гомеополярлы байланыстар арқылы байланысқан радикал тәрізі.