Қышқылдық негіздік титрлеу әдістері (бейтараптану)
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі сутек немесе гидроксоний ионының гидроксил ионымен әрекеттестіріп, әлсіз диссоциацияланатын су молекуларының (еріткіш) түзілуіне негізделген:
Бұл әдіс қышқылдардың (H2SO4, HNO3, HCl, H3PO4, CH3СOOH, H2C2O4 және т.б.) , гидроксидтердің (KOH, NaOH, Ba(OH)2 және т.б.) , гидролизденетін тұздардың сулы ерітінділері (Na2CO3, NH4Cl) сонымен қатар олардың қоспаларын және т.б. концентрациясын немесе мөлшерін анықтауға қолданылады.
Қышқылдық – негіздік титрлеудің екі әдісі бар:
Ацидиметрия-
негіздерді
анықтау
Алкилиметрия– қышқылдарды
анықтау
.
Қышқылдардың титрін анықтау үшін бастапқы заттар ретінде натрий тетрабораты немесе сусыз натрий карбонатын, ал сілтілердің ерітінділерін анықтау үшін – қымыздық H2C2O4*2H2O немесе янтарь H2C4H4O6 қышқылы қолданылады. Бұл заттардың барлығы жұмыс жасауға өте ыңғайлы және жақсы нәтижелер береді.
Қышқылдық негіздік титрлеу кезіндегі процестерді тереңірек қарастыру үшін, титрлеудің әрбір кезеңінде эквиваленттік нүктедегі реакциялардың орталарын зерттейді. Бұл әдісте эквиваленттік нүкте бейтарап (рН=7), сілтілік (pH> 7) және қышқылдық (pH<7) ортада болуы мүмкін.
Бейтараптану реакциялары жүрген кезде сырттан қарағанда көзбен көрінетін өзгерістер (эффектілер) байқалмайды. Сондықтан эквиваленттік нүктені анықтау үшін тиісті индикаторлар қолданылады. Олар ерітіндінің мәні өзгеруіне қарай түсін өзгертеді, сондықтан оларды рН индикаторлар деп атайды.