№12 дәріс. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері
Жоспар:
Эквиваленттік нүктені анықтау әдістері.
Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу. Титрлеу қисықтары.
Қышқылдық-негіздік индикаторлар.
1. Эквиваленттік нүктені анықтау әдістері
Эквиваленттік нүктені келесі әдістермен анықтауға болады:
1) визуальды – көз мөлшерімен – ерітінді түсінің өзгеруі бойынша, егер анықталатын зат немесе реагент боялған болса;
2) визуальды – көз мөлшерімен – реакция өнімдері түзілгеннен ерітіндінің лайлануы бойынша;
3) визуальды – көз мөлшерімен – ерітінді түсінің өзгеруі бойынша, егер анықталатын зат және реагент түссіз, ал реакция өнімі боялған болса;
4) визуальды – көз мөлшерімен – индикатордың түсінің өзгеруі бойынша, егер бастапқы заттар мен реакция өнімдері түссіз болса;
5) бастапқы заттардың түсіне қарамастан физика-химиялық әдістермен. Соңынан соң титрлеу барысында байқалған физика-химиялық параметрлердің өзгеруін сипаттайтын титрлеу қисықтары анализденеді. Эквиваленттік нүктені қисықтардың қиылысы немесе титрлеудің секіруі бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |