11 сыныптың «Биология» курсынан «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы бойынша «Ұлы Абай тағылымдары» кіріктіріліп құрастырылған әдістемелік әзірлеме



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі3,31 Mb.
#15164
  1   2   3
11 - сыныптың «Биология» курсынан «Үшөлшемді әдістемелік

жүйе» технологиясы бойынша «Ұлы Абай тағылымдары» кіріктіріліп

құрастырылған әдістемелік әзірлеме



Модуль ІХ. Антропогенез – адамның шығу тегі


4

42.

Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны.

1

43.

Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

1

44.

Антропогенездің қозғаушы күштері

1

45

Адам нәсілдері. Әлеуметтік дарвинизм, нәсілшілдікті сынау

1




Бақылау тест № 5 және билет бойынша сынақ



Әзірлеменің эпиграфы:

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім –



адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”

Әль-Фараби

МОДУЛЬ № 9. Антропогенез – адамның шығу тегі (4 сағат)
Оқу бағдарламасына сәйкес міндетті білім мазмұнын білу:

  • Ч.Дарвиннің адамның шығу тегі туралы еңбегін;

  • Адамның жануарлардан шығуының дәлелдемелерін;

  • антропогенездің қозғаушы күштерін:

  • ежелгі, ертедегі және осы заманғы адамға тән белгілерді;

  • адам нәсілдерін, олардың айырмашылықтарын,шығу тегін;

  • әлеуметтік дарвинизм, нәсілшілдік көзқарастарын сынау;

Оқу бағдарламасына сәйкес икемділігіне қойылатын талап:



  • Адамның биоәлеуметтік мәнін негіздейтін адам мен жануарларға ортақ белгілерін анықтайтын;

  • биологиялық түр ретінде адам баласының бірлігін негіздейтін біліктері болуы керек;


Модульдегі сабақтардың дамытушылық мақсаттары:

  • «Блум таксономиясы» негізінде түрлі деңгейлі тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық (есте сақтау, білімін қолдана білу, түсіну, анализ, синтез, топтастыру, бағалау) қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын дамыту, өзіндік рефлексияға дағдыландыру.


Модуль көлеміндегі сабақтардың тәрбиелік мақсаттары:

  • Оқушыларға дүниетанымдық, адамгершіліктік тәрбие беру;

  • Ұлттық дүниетаным, этнопедагогика құндылықтары болып табылатын Ұлы Абай тағылымдары арқылы ұлтаралық достасық, сыйластыққа тәрбиелеу;

Модульдің соңында күтілетін нәтижелер сипаттамасы табыс критерийлері

түрінде төмендегідей деңгейлерде анықталды:

Репродуктивті деңгей:

  • Ч.Дарвиннің адамның шығу тегі туралы еңбегін;

  • Адамның жануарлардан шығуының дәлелдемелерін;

  • антропогенездің қозғаушы күштерін;

  • ежелгі, ертедегі және осы заманғы адамға тән белгілерді;

  • адам нәсілдерін, антропология, антропогенез ұғымдарын біледі;

Алгоритмдік деңгей :

  • Антропогенездің қозғаушы күштерінің адамның қалыптасуындағы ролін;

  • Адамның биоәлеуметтік мәнін негіздейтін адам мен жануарларға ортақ белгілерін анықтап;

  • адам нәсілдері арасындағы айырмашылықтардың себептерін көрсетіп білімін практикада қолдана алады.

Коструктивтік деңгей:

  • Биологиялық түр ретінде адамзаттың бірлігін негіздейтін біліктері болады;

  • Адамның шығу тегі туралы ақпараттарды жинақтап талдайды,

  • Әлеуметтік дарвинизм, нәсілшілдіктің кертартпа мәніне баға береді, сыни ойлауға дағдыланады;

1-сабақ. Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны


І. Мотивациялық кезең

1. Қызығушылықты ояту үшін оқушыларға мынадай сұрақ қойылады:

- Балалар адамның шығу тегі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, жұбымен бірігіп, ортақ ойды айтады.



(жеке-жұптық жұмыс)

2. Модульмен таныстыру М.Мақатаевтың «Адам қайдан жаралған» өлеңін

оқудан басталады.

Адам қайдан жаралған Маймылдан ба, пілден бе

Осынау бір сұрақты Әр нәрсеге үңілдік

Топшылаймыз сан алуан Ұқсап бақтық әркімге

Жауабы жоқ тұрақты. Ақыры кеп жүгіндік,

Ұғынамыз ғылымнан Ғұлама шал Дарвинге ...

Топшылаймыз діндерден. Мен адамнан жаралдым,

Адам қайдан туылған. Ниетім жоқ айнуға

Тәйірі, оны кім көрген! Баласымын адамның

Судан ба әлде оттан ба, Ұқсағым жоқ маймылға

Жерден бе әлде күннен бе Кісі емеспін Адаммын!

Бардан ба әлде жоқтан ба



  1. «Адамның шығу тегі» бейнеролик көрсетілімі.

  2. Модульден күтілетін нәтижелер слайдтан көрсетіліп таныстырылады.



Кезеңдер

Оқушыларға берілетін деңгейлі тапысрмалар


І кезең Ұйымдастыру ( 5 минут)




«Көпір»

тапсырмалары




1. Салыстырмалы тәнтанымдық дәлелдемелердi сипатта

( 9-cыныпта өтілген материалдарды еске түсіру)

а. Атавизмдер дегенiмiз----------------------------------------------------------------

б. Рудименттер дегенiмiз-------------------------------------------------------------

2. Эмбриологиялық дәлелдемелер-------------------------------------------




ІІ кезең Жаңа сабақты оқулықтан өздігінен меңгеру тапсырмалары арқылы мағынаны тану ( 20 минут)



« Білу»

Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?



§ 42 оқып шығып, мына терминдерді жазып, жатта:

1. Антропология дегеніміз не?-------------------------------------


2. Антропогенез дегеніміз не? ----------------------------------------------------

3. Адамның шығу тегі туралы қандай көзқарастар бар?






«Түсіну»

Неліктен?


Не себептен адам жануарлар дүниесіне жатқызылады?



---------------------------------------------------------------------------------------------------------------


« Қолдану» қарапайым тапсырма

1. Адам жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны қандай?

Типi---------- класс---------- отряд----------туыс------------------түр---------------

2. Адамда болатын атавизм мен рудимент ненің дәлелі?





«Талдау» салыстыр,ұқсастық, айырмашылығы неде?









  1. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелерi:

А/. Адам мен жануар құрылысындағы ортақ белгiлер:

68- суреттен: Атавизмдер--------------------------------------------------------------

67-суреттен: Рудименттер:------------------------------------------------------------

69-суреттен ұрықтардың дамуындағы ұқсастықты тап:



  1. Адам мен адамтәрiздi маймылдардың ұқсастығы --

  2. Адам мен адамтәрiздi маймылдардың айырмашылықтары : кестенi толтыр




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет