сценарий



Дата13.12.2021
өлшемі23,03 Kb.
#127278
Байланысты:
сценарий
Басқару жұмысындағы мотивтер мен мотивация, сценарий, сценарий

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік


Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Барысы: «Желтоқсан желі» . Бейнеролик қойылады
(хабарланбайды)
Әнұран


1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар және студенттер! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік ашық сабағымызға қош келдіңіздер!


2 - жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


Қарлығаш
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Сара
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.


1-Жүргізуші;
Қадірлі қауым, тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.


2 – жүргізуші:
Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17 - желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.


Келесі Аға әпкелереліміздің өмірбаянымен таныссақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет