Силлабус ТЖТ 2 - курс Шет т (3)



Дата27.04.2022
өлшемі74,95 Kb.
#141099
Байланысты:
Силлабус ТЖТ 2 - курс Шет т (3)
Силлабус ТЖТ 2 - курс Шет т (2)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ABAY UNIVERSITY
СИЛЛАБУС


1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Тәрбие жұмысының технологиялары
Кредит саны 4 ECTS
Курс, семестр 2 курс, 4 семестр,
Оқу жылы 2021-2022
Шифр және Білім бағдарламасының (ББ ) атауы 6В01707 – шетел тілі, екі шет тілі
Институт Педагогика және психология
Кафедра Университет бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі
Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі Жекеева Аққалам Есимбекқызы, магистр оқытушы
Қатынас ақпарат (телефон, e-mail) 8708-210-96-65, akkalam.93@mail.ru


2. Бақылау түрі: (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:

  • Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.

  • Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.

  • Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.

  • Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз

СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау: Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)×0,3+емт×0,4
Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК
Пәннің мақсаты. «Тәрбие жұмысының технологиялары» білім бағдарламасының мақсаты – тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті: «Тәрбие жұмысының технологиялары» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:

  • болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы мен

әдістемесі саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;

  • тәрбиенің дәстүрлі әдістемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып

жетекшісі іс-әрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық, әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзыреттіліктерді қолдана білу;

  • болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби

жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет