15 тапсырма 1-Сүйекті балықтардың табиғаттағы орны



бет1/4
Дата14.12.2021
өлшемі21,46 Kb.
#100394
  1   2   3   4
Байланысты:
15 ихтиология


15 тапсырма

1-Сүйекті балықтардың табиғаттағы орны.

Сүйекті балықтар кеңінен таралған балықтар тобына жатады. Барлық су қоймаларында дерлік таралған. Тіршілік жағдайлары алуан тұрлі болғандықтан, олардың саны өте көп. Скелеті ұнемі сүйекті болып келеді. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады. Желбезек апаратын сыртынан жауып туратын сүйекті қақпағы болады. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдағы болады. Торсылдақ балықтың судың терең қабатынан көтерлуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік береді. Балықтардың тыныс алуы желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады. Балықтардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады, алдыңғы бөлімі оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ жатады. Ортаңғы бөліміне өңеш пен қарын жатады. Одан ары ішек басталады. Бауыр мен ұйқы безі ас қорытуға қатысады. Артқы бөліміне артқы ішек жатады, дербес тесік болып сыртқа ашылады. Балықтардың жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі- ми мен жұлыннан тұрады.Сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек болады.Ортаңғы ми мен мишық көлемді болып келеді. Алдыңғы ми бөлімнен иіс бөлімдері тарайды. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Бас миынан 10 жұп нервтер тарайды. Суда тіршілік етуіне байланысты жүйке жүйесі жақсы дамыған. Есту органы бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада есіту тастары болады. Яғни оларды ірі оттолиттері деп атайды. Сүйекті балықтарда оттлиттері үшеу болады. Ең үлкен есту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Екі есту тастары бұдан ана ғұрлым кіші болады. Оның біреуі өскін ішінде тұрады, ал екіншісі –сопақ қапшықшаның арнаулы кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан. Жыныс органдарының құрылысы-шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болдаы, да олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады. Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларынеда жұмыртқа жолының қызметін атқаратын –мюллеров каналдары болмайды.Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек пен байланысы жоқ, ал вольбов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет