Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты



бет1/26
Дата08.12.2023
өлшемі98,68 Kb.
#195481
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Задани по олимп 7 класс
liderstvo-v-obrazovatelnom-protsesse, Список учеников., 5 б класс

1-сабақ

ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП

  1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.

  2. Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы.

  3. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.

  4. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.

  5. Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).

Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.

  1. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.

  2. Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.

  3. Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫС

  1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.

  2. Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

  3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.

  4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

  5. Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет