7-сабақ ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (Сингармонизм заңы)
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.
Үндестік заңының2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
БУЫН ҮНДЕСТІГІ Буын үндестігі– сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады.
үй-лер / үй-лар (емес)
есік-ті / есік-ты (емес)
Ескерту:Мынадай сөздерде: а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.)
ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.) буын үндестігі сақталмайды. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.
Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.