Үй жұмысы
Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Давайте сходим в кино. 2.Пусть он расскажет о себе. 3.Давай пообедаем в столовой. 4.Пусть ученики сидят в классае и ждут учителя. 5.Прослушайте тексти составьте к нему вопросы. 6.Давай погуляем на улице.
8- сабақ
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:
1. ілгерінді ықпал 2. кейінді ықпал 3. тоғыспалы ықпа
1. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1 2)
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:
1)
Сөз бен қосымша арасында: қаш-
са (қаш
ша)
2)
Екі сөз арасында: ақ
балық (ақ
палық)
3)
Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көз
қарас (көз
ғарас)
ә) тіркескен сөз: ала
кел (ала
гел)
б) қос сөз: құрбы-
құрдас (құрбы-
ғұрдас)
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады.