Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Лото»



Дата03.03.2023
өлшемі14,34 Kb.
#170994
түріСабақ
Байланысты:
әріптестен пікір
5,6,7,8,9 с. жаңасы КТЖ 2022 ж (1), 10 а эссе, № 15 «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі және ұлттық мәселелер.

«Aisaf- Almaty гимназия» ЖМ
3 «А» сынып жетекшісі А.С. Карбозованың
3 «А» сыныбында 12 желтоқсан 2022 жылы өткен ашық сабағы туралы

Пікір
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,


оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Лото» ойыны және «Сөзжұмбақ шешу» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа материалды ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланылды. Сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.
Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.
Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған алгоритмдер қолданып бағдарлама құра білуді меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.

Пікір жазған: педагог- зерттеуші


Огизбаева Куралай Кажибековна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет