“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.” Н.Ә. Назарбаев



Дата27.12.2016
өлшемі8,74 Kb.
#5932

“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.” Н.Ә.Назарбаев

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

  • Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт – азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстың қолбасшысы ретінде тарихта қалған 1986 жылғы Алматы оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке жапқан жала:
  • Бірінші – 1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11 - 00 ден бастап Бейбітшілік – Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасады.
  • Екінші – Савицкийді өлтірді
  • Үшінші – Ведельді ұрып жаралады
  • Төртінші – «Қазақстан» қонақ үйі алаңында милиция қызметкері А. Алмабековке қол жұмсады.
  • Міне, осындай! Құдай – ау небәрі жиырма бір жастағы қаршадай жігіттің мойынына осынша қылмысты қалайша іліп қойған. Сот процесі 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін өтті. Не керек сот Қайрат Рысқұлбековті Қазақ ССР - і қылмыстық істер кодексі 173 – бабының 1 - тармағына сәйкес ату жазасына кесті. Ең ауыр жаза, кейін «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Солақай саясаттың құйтұрқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.
  • Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.

Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатақханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.

  • Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатақханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.
  • Өскемен қаласында орын алған қайғылы оқиғаны біреулер сан-саққа жүгіртіп, жастардың желтоқсандағы бас көтеруіне қатысы жоқ, кездейсоқ бақытсыздық жағдай деген әңгіме таратқан. Бірақ, Өскемен педагогикалық училищесінің оқушысы 16 жасар Сәбира өлімінің де тура осы желтоқсан оқиғасына қатысы барлығы дәлелденіп, ұлтын сүйген аяулы арудың империя қолшоқпарларының құрбаны болғаны бұлтарыссыз анықталды.

  • Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың
  • 18 - желтоқсанында кешкі сағат 20.00 – де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкеледі. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.

Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.

  • Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
  • ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
  • Алматы, 1991 жыл 12 желтоқсан
  • Егемендігімізге қарай ең алғаш дабыл қаққан осы оқиғаның өткеніне 25 жыл толуына орай к Алматыда “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші салтанатты түрде ашылып, рәсімге Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.
  • 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.
  • 1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30 - дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50 - ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет