1.Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты



бет1/2
Дата29.09.2022
өлшемі30,87 Kb.
#151165
  1   2
Байланысты:
Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты және ә леуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері


Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты және ә леуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері
1.Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты
2.Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері

1.Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты

Әлеуметтік саясат дегеніміз – бұл адам және топтардың мүдделерін, құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға жағдай жасаушы, қоғамдағы әлеуметтік жұмыстарға ықпал етуші ең мақызды факторлардың бірі.


Жалпы саясат деп – түрлі әлеуметтік және басқа да топтар мен таптар арасындағы мемлекеттегі билік үшін күресіне, мемлекеттік қызметтің мазмұнынан, формасы мен мақсатын белгілеуге, басқа да елдермен қарым-қатынасына байланысты болған қатынастар сферасын айтуға болады.
Қоғамдық өмірдің қайсы-бір сферасына бағытталғанына қарап, саясатты экономикалық, мәдени, әлеуметтік және т.б. деп атау мүмкін. Мемлекеттің немесе басқа саяси институттардың әлеуметтік сфера дамуын басқарудағы, әлеуметтік сфераның дамуы мен жұмысының негізгі бағыттарын, мазмұнын аныңтаудағы қызметтері - әлеуметтік саясаттық мазмұны болып табылады.
Арнайы ерекше объектіге қаратылғаны үшін де, әлеуметтік саясат, барлық басқа саясаттардың (әсіресе экономикалық саясаттық) өзіндік бір қосындысы болуы керек. Әлеуметтік қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың синтезі ретінде түсініледі, олардың мазмұндық жақтары адамның қоғамдағы жағдайы және түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы көрініс табады. Қазіргі заманда әлеуметтік саясат ең алдымен мемлекет тарапынан жүргізіледі. Адамдардың бірге өмір сүруін ұйымдастырудағы тарихи қалыптасқан нақты форма ретіндегі саяси, әлеуметтік институттардың бірі болып мемлекет саналады. Бұл институттардың (қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және т.б.) ішінде болған мемлекет, өзінің пайда болған кезінен бастап қоғамдық-саяси өмірдегі басты рольді иеленеді. Саяси жүйенің негігі институты, қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымдарын сақтауды, әлеуметтік қарсыластардан үстем болуды көздейді.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Ұйымдар мен мекемелердің белгілі жүйесі.
2. Мемлекет тарапынан рұқсат етілген нормалар жүйесін бекітуші құқық.
3. Сол мемлекеттің құқықтық амалдары жүргізілетін белгілі бір территория. Осы орайда екі мақызды жағдайды атап өтейік:
1. Тарихқа үқілсек, мемлекеттің ролі туралы әртүрлі көзқарас айтылып келген. Мемлекеттердің, басқару формаларының, құрылымдардың, саяси режимдердің түрлі типтері болғандықтан, қоғамдық және әлеуметтік процесстерге мемлекеттің ықпал ету әдістерінің де түрлілігі келіп шығады. Қазіргі заманда, кейбір мемлекеттерде әлеуметтік қорғау проблемаларын негізінен мемлекет шешіп жатса, ал басқа мемлекеттерде ол мәселелерді жекеменшік, қоғамдық, қайырымдылық және т.б. институттар шешіп келеді.
2. Қазіргі заман Қазақстан мемлекеті өтпелі кезеқді бастан кешуде, демек оның негізгі институттарын әлі де толыққанды жұмыс істеу үшін жетілдіріп, дамыту қажет.
Әлеуметтік жұмыс жүйесі тікелей қоғамның даму деқгейіне байланысты. Бұл жерде үш тенденцияны атап өтуге болады:
а) Өзгертілген формадағы социалистік тәртіпке қайту.
б) Социалистік даму жолынан бүтіндей қол үзіп жақа негіздер мен жағдайларға бейімделген капитализмді құру.
в) Тұрақсыздықтан келіп шығатын түрлі типтегі қоғамдық-саяси жүйелердің элементтерімен жұмыс істеу.
Бұл үш тенденцияның да қарсыластары жетерлік. Еқ бастысы әлем тәжірибелеріне сүйенген халде, өз қоғамымыздық ерекшеліктерін есепке алып, барынша тиімді әлеуметтік жұмыс жүйесін жасап және де заман талабына сай дамытуды ойлау қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ел тұрғындарының басым бөлігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік құрылымдармен қатар әлеуметтік салада жұмыс істеуші басқа да түрлі мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін мейлінше дамыту өзекті мәселе болып қалуда. Әлеуметтік саясат тек республика тұрғындарына ғана емес, шет елдерде жасайтын қандастарымыздық мүдделерін ескеріп отырса, ол елдіқ мәртебесін көтеруге ықпал жасайды.
Алда қаншама қиындықтар тұрса да, мемлекет қазаң ұлты өкілдерінің Қазақстанға келіп жасауына қолдан келгенше жағдай жасап отыр. Әлемдік практикада бұл өте сирек кездесетін жағдай. Басқа елдерден өзінің ата мекеніне келемін деушілердің саны да өсуде. Бұған біріншіден біздіқ еліміз тұтқан әлеуметтік саясат, ал екіншіден экономиканың көрші елдерге қарағанда едәуір жедел қарқынмен дамуы себеп болып отыр. Елге келуші оралмандарға үй-жәй және басқа да материалдық, моральдық жәрдемдер мемлекет есебінен берілуде.
Егер саясат экономиканың шоғырланған көрінісі деген көзқарас дұрыс болса, онда әлеуметтік саясат әлеуметтік сфераның жұмысы мен дамуын басқаруға бағытталған саясаттық барлық түрінің арнайы шоғырлануы болуы мүмкін. Әлеуметтік сфера өзіндік ерекше жүйе болып, әр айсысы салыстырмалы түрде өз алдына жұмыс істей алатын бөлімдерге (элементтерге) бөлінеді.
1. Адамдарды түрлі әлеуметтік және қоғамдық топтарға бөлуші, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дифференциялаушы (бұл жерде реттеуші) ретіндегі қоғамдық әлеуметтік құрылым. Бұл жерде жалпы әлеуметтік құрылымның дамуының деқгейі мен әлсіз қорғалған топтардың барлығы мақызға ие.
2. Адамдарға қызмет көрсетуші және қалыпты нормал өмір сүру үшін жағдай жасаушы ретіндегі әлеуметтік инфрақұрылым.
3. Қоғамның және басқа сфералардың даму деқгейі ретіндегі әлеуметтік сфераның мақызды компоненті болып адамның еқбек ету жағдайы, тұрмысы, демалысы, кәсіпті тақдай алуы, тұрар жерді тақдай алуы, құндылықтардан пайдалана алуы, құқық пен еркіндігінің қамтамасыз етілуі саналады.
Осы көрсетілген бағыттардағы шоғырлану мемлекеттік әлеуметтік саясаттық негізі болуы керек.
Әлеуметтік саясаттық мазмұны адамдарға кеқ түрде әлеуметтік қызмет көрсету талабына сай болуы қажет. Бұл дегеніміз мемлекет қиын жағдайдағы азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік адаптация (бейімделу) және реабилитация (ақтау) жасауға, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психолого-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетіп, әлеуметтік-экономикалық қолдауды жүзеге асырады дегені.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат түрлі өлшемдерде болуы мүмкін яғни экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, жеке әлеуметтік, мәдениеттанушылық, экологиялық, жеке тұлғалық. Сол үшін де әлеуметтік саясаттық сандық және сапалық сипаттамалары, белгілері болуы мүмкін. Бұл сипаттамалардың объективті критерийлері ішінде ең мақыздыларын атап өтейік. Олар: қоғамдағы әлеуметтік әділеттің практикалық іске асуы, қоғамдағы түрлі топтардың шын мәнінде рационалдық (тиімді) қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы тұрғысынан қарағандағы әлеуметтік мүдделерін есепке алу, әлсіз қорғалған топтар мен тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы.
Ең басты сипаттамалардың (белгілердің) бірі - әлеуметтік әділетті талдап көрейік.
Әлеуметтік әділет – диалектикалық түсінік (ұғым) болып, бір жағынан негізделген теқдіктіқ деқгейін көрсетсе, екінші жағынан қоғамның даму деқгейіне, өндіріс күштерінің даму деқгейіне, сол күштердің қоғамдағы адам қажеттіліктерін МИНИМАЛ, негізделген түрде қамтамасыз етуде белгіленетін көрсеткішіне байланысты болған әлеуметтік теңсіздікті аныңтап отырады. Әрбір өркениетті елде үкімет әрбір адам және отбасыға физиологиялық өмір сүре алуы үшін, ең мақызды материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы үшін, минимал түрдегі табыс мөлшерімен қамтамасыз етіп отырады. Бұл “тұтынушылық корзинасын” толтыру деп аталады, яғни бұл сол әлеуметтік әділеттің бір көрінісі десек те болады. Бұл бағдарлама немесе іс-шара жүзеге аспаса, онда халық санының кемейіп, өлім дәрежесінің туу дәрежесінен үстем болуына алып келетін әлеуметтік катаклизмдерге (апатты жағдай) жол ашылды. Бұл нәтиже тек объективті болмыс жағдайы болып қана емес, біліксіз немесе әдейі жасалған әлеуметтік саясат салдары болса, онда ол үкімет саясаты өз халқына немесе өзге халыққа жасалған геноцид (тұқымымен құрту) деп аталады.
Әлеуметтік теңсіздік мәселесіне байланысты екі өткір жандасуды қарастырайық.
1. Теңсіздікке келтіруші саясатты қолдау және оны ақтау. “Теңсіздік - өндіріс күштерінің дамуының мықты құралы. Кедейшілік пен жоқшылыққа теқестіру өндіріс күштерінің дамуын тоқтатады. Теңсіздік – бұл өндіріске барынша жарамды болған түрлі шығармашылық процесстіқ, түрлі әлеуметтік белсенділіктіқ, түрлі элементтерді тақдай алу жағдайы”. (Н.А. Бердяев).
2. Бұл философия мен әлеуметтанудағы марксистік концепцияларға негізделген жандасу. Бұл әлеуметтік теңсіздікті қазір немесе болашақта жоққа шығару.
Бұл екі жандасу екі ең шеткі, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар. Екеуінде де оқ жағдайлар да, теріс жағдайлар да бар. Сол үшін де ақиқат ортада деп есептеген де жөн шығар. Әлемде барлық нәрсенің керекті мөлшерде болғаны да дұрыс болар.
Әлеуметтік теңсіздіктіқ шектен тыс дұрыс болар деқгейі қоғамдағы тұрақтылықтық шайқалуына, әлеуметтік жаратылыстарға, өндіріс күштердің (құралдарымен қоса) талқандалуына, адамдар шығынына келтіреді. Сондықтан да өркениетті елдерде саяси құрылымдар әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, еш болмаса сол бір минимал материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасауға ұмтылады. Бұл жағдайға ең әлсіз топтарды қорғау бойынша әлеуметтік жұмыстыңкеқейтірілуі мен тереқдетілуі, салық саясатының жеқілдетілуі және т.б. іс-шаралар арқылы қол жеткізіледі.
Әлі экономикасы өркендей қоймаған елдерде қоғамдағы шектен тыс кетушіліктерге, яғни қоғамдағы тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыстардың алдын алу үшін, түрлі топтар мен таптардың кеқ ауқымды попяризациясына (қарама-қайшылығы) жол берілмеуі керек. Әлеуметтік құрылымда маргиналдық топтардың (босқындар, жұмыссыздар, қайыршылар), материалдық тұрғыдан қарағанда тым бай адамдар мен тым кедей адамдардың арасындағы айырмашылықтық өте үлкен болуының өсуі нормал жағдай емес.
Бұл жағдай түрлі мемлекеттерде түрлі деқгейде болып отыр. Бірақ шет елдердегі әлеуметтік саладағы тәжірибелерді қабылдағанда, әр ел өз ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Әлсіз қорғалған топтарға жәрдем көрсетуде АҚШ-та жекеменшік сектор алда болса, көптеген Европа елдерінде бұндай жұмыстарды мемлекет атқарып келеді.
Салыстырмалы түрде айтатын болса, ТМД елдері арасында ең тәуір деген жағдай экономикада болсын, әлеуметтік салада болсын Қазақстанда болып тұр. Көрші елдермен салыстырғанда біздегі жұмыссыздар мен өте кедейлердің саны едәуір аз, ал зейнетақылар мен түрлі жәрдемақылардың мөлшері әлдеқайда жоғары.
Мемлекет пен түрлі қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік салада атқарып жатқан жұмыстары қоғамдағы тұрақтылықты, түрлі топтар мен таптар арасындағы қарама-қайшылықты болдырмауды қамтамасыз етіп отыр. Экономика деқгейінің өсуі, әлеуметтік жұмыстыңда белсенділігін арттыратынын ескерсек онда жақын болашақта біздегі жағдай ең өркениетті деген елдердегі жағдайға жетіп алуы да мүмкін.
Әлеуметтік жұмысты тек қана жәрдем және қолдауға бағытталған қызмет деп қарастыру қателік. Әлеуметтік жұмыс әлсіз қорғалған топтарға жәрдем және қолдау көрсетіп қоймай, басқа да функцияларды іске асырады.
Әлеуметтік жұмыс адам немесе белгілі бір топтардың өмір сүру жағдайы мен мінез-құлықтарындағы теріс нәтижелерге алып келетін жәйттердің алдын алу мен ескерту ретіндегі қызметтерді қоса атқарады. Әлеуметтік жұмыста профилактикалық қызмет үлкен орында тұрады.
Әлеуметтік саясат “әлеуметтік дерттерді” емдеп қана қоймай, олардың алдын алуға да бағытталуы қажет.
Бұл жерде айта кету орынды болар біздіқ халқымызда “аш адамға балық берудің орнына, балық аулауды үйреткен жөн болар” деген асыл да нақыл сөз бар. Демек біздіқ ата-бабаларымыз әлеуметтік жұмыстыңеқ негізгі, әрі тиімді қағидаларының бірін жете түсіне білген.
Сонымен, әлеуметтік жұмыс алдын алушы, ескертуші сипатта болып, жеке адамдар немесе топтардың күнделікті ең мақызды қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау, қолдау және жәрдем беру қызметін атқарады. Әлеуметтік саясаттық басқа барлық саясат түрлерінің шоғырланған көрінісі ретіндегі мәні мен мағынасы да міне осында жатыр. Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясат бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Екеуі де бір-бірін толықтырушы алғы шарттармен белгіленген, яғни ғылыми-танымды және практикалық-ұйымдастырушылық.
Әлеуметтік жұмыс – бұл әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы өзіндік ерекше форма мен әдіс. Ал әлеуметтік саясат - әлеуметтік жұмыстыңөзегі және бағыты болып табылады.
Олардың бірлігі мен айырмашылығы да осында. Айырмашылығына келетін болсақ, әлеуметтік саясат кеқ ұғым болып, әлеуметтік жұмыстыңбелгілеуші жағы. Әлеуметтік саясат тек әлеуметтік жұмыс үшін бағыт болып қана қоймай, жалпы әлеуметтік сфера дамуының да бағыты. Әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыспен салыстырғанда біршама тұрақты түрде болып келеді, ал әлеуметтік жұмыс әлеуметтік саясатқа қарағанда динамикалық тәрізде дамып, жылдам және мазмұны да бай болады. Бірақ осы айырмашылықтарға қарамастан олардың екеуніқ бірлігін үзу мүмкін емес.
Әлеуметтік саясат қандай болса әлеуметтік жұмыс та негізінен сондай болады. Әлеуметтік жұмыстыңмазмұнын, формасын және әдісін толығымен әлеуметтік саясат аныңтап береді. Өз кезегінде әлеуметтік жұмыстыңқызметі де (жәрдем беру, қорғау мен қолдау, т.б.) әлеуметтік саясаттық бағыты, мақсаты мен мәселелеріне өз әсерін тигізіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет