1.Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



бет1/5
Дата26.03.2022
өлшемі22,22 Kb.
#136899
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 9 билет


1.Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
Өзінің даму тарихында «билік» түсінігі өте көптеген дәлелдемелер мен теорияларды ұсынды. Аристотель, Д. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Гегель сияқты философашылар билікке түрлі зерттеулер жасаған.Саясаттану бағалау, яғни аксиологиялық қызмет атқарады, оның мәні мынада: кейбір саяси құбылыстарға, институттарға, жеке басқа, топқа, қоғамға, саяси құндылықтарға баға береді.Демокартиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі – қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті тәжірибелік іс-әрекетінде басшылыққа алынады.
Саясаттанудың болжау қызметі бар. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады. Саясаттанудың атқаратын қызметтері:
1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
2.Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, иниституттарға, іс - әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
3.Реттеушілік, басқару қызметі – адамдардың саяси өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді.
4.Болжау қызметі – ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты сонда.
6.Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызды. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет