Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез – құлқы негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі: Олар: «әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөл», Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталайық. Мысалы, әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (преобретенный) статус. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірімі, қарт, т.б.). Кәсібіне, қызметіне (лауазым) байланысты статус –тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі, орны (мысалы,дәрігер,инженер,мұғалім,банкир, т.б.) жатады. Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі белгілі бір орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік жүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс - әрекетінің жиынтығы.