2-апта тақырыбы:Мотивация Мотивация- адамды белгілі бір іс-әрекетке, қажеттіліктерін қанағаттандыруға, бағытын анықтауға ынталандыратын динамикалық процесс. Мотивацияның көптеген түрлері ажыратылады:
оң және теріс мотивация( оң немесе теріс ынталандыруға негізделген)
тұрақты(білім, жұмыс и тд), индивидуалды(физиологиялық қажеттіліктер) және топтық мотивация.
Мотивация алу үшін алдымен мотив керек. Ал мотив дегеніміз – адамды іс – әрекетке итермелейтін ішкі субъективті себеп. Мотив адамның ішінде болады, ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болады.
Мотив:
Самоутверждение мотиві- өзінің бірнәрсеге тұрарлық екенін дәлелдеу, өзін-өзі бағалау, қоғамда белгілі бір мәртебеге ие болуға тырысады.
Еліктеу мотиві- адамның өзінің мақтан ететін адамына ұқсағысы келуі. Бұл мотив адамның дамуына және жұмыс істеуіне итермелейді.
Билік мотиві- адамдарды басқаруға деген ұмтылыс. Билікке ынталандыру адамды іс-әрекетке итермелейтін маңызды күш болып табылады.
Аффлиация мотиві- адамдармен ара-қатынас орнатуға деген ұмтылыс.
3-апта тақырыбы: әлеуметтанулық зерттеулер Әлеуметтанулық зерттеулер- бір құбылыс жайлы нақты деректер жинау үшін жасалатын тәжірибелер жүйесі. Бұл зерттеулер арқылы қоғамды танып, объективті мағлұматтар жинай аламыз. Әлеуметтік ақпараттарды жинаудың төрт негізгі әдісі бар:
Сұрақ алу
Бақылау
Тәжірибе жүргізу
Құжаттарды талдау
Әлеуметтанулық зерттеудің өткізілуі де бірнеше кезеңдерден тұрады:
Зерттеуге дайындық