2 ҚҰЛАҚтандыру


ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН АРАМЗАЛАР



Pdf көрінісі
бет31/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН АРАМЗАЛАР 
Бостандық  болғаннан  бері  жұрттың  көзі  ашылып,  қайда  болса  да  ынтымақ,  бірлік 
табылып, қалың қазақ ішіне береке ұйтқысы орнағандай болып тұр еді. Қазақтан басқа ел 
қағынып,  жүгенсіздік  ұлғайып,  азаматтарының  соңынан  ерген  жұртты  арамза  қулары 
азғырып, адастырып тұр еді. Бізден де, ұяттан да кешкен, ардан безген арамзалар шығып, 
газет  таратқан  болып,  ел  ішіне  іріткісін  шашқалы  жүр.  Халықтың  қамын  ойлап,  қорған 
болған алаштың туын ұстаған асқар белдей ерлерімізді жынданған итке ұқсап, арамзалар 
қаппақ болып, жынын қосып, уын шашып жүр. Түрі адамға ұқсағанмен, пейілі айуан түсті 
сұмдар «Үш жүздің» партиясы деп, атақ байланып, бар қазақтың ұйтқысы болған «Алаш» 
партиясының  адамдарын  арам  ауызымен  былғамақ  болып  жүр.  Төрт  аяқты  қасқырға  у 
салушы еді, мыналарға деген у мынау: 


24 
 
«Үш жүз» партиясы анық содырлы, сойқанды, жүзіқаралар партиясы. Бұл жұртқа келген 
үлкен  бір  дерт.  Сөзіне  құлақ  қоймай,  өздерінен  аулақ  болып,  сақтану  алаш  балаларына 
борыш.  Қазақтың  баяғыдан  бері  аяқ  астына  басылып,  көрген  қорлығы,  көрген  зорлығы 
мен зомбылығы аз емес. Енді «Үш жүздің» қуларына айтамыз: елімізді ертпеңдер, елді ел 
қылып  ұстау  сендерді  қолдарыңнан  келетін  іс  емес.  Ел  де  есін  біледі,  сендердің 
соңдарыңнан еріп, жарға қамалып жығылмайды. Халықты әуре қылмай, өлген мұжықтың 
қойнында қалаш табылатын болса, соны іздеп қараңдар. 
Біз «Алаш» партиясының соңынан ереміз. Анық көшбасшыларымыз сонда. 
Семейдің үйезный земство мүшелері: 
Ахметжан  Аңдамасов,  Айтмұхаммед  Болатов,  Дінислам  Тәңірбердин,  Жамшырбай 
Шүленбаев,  Темірші  Жүсіпов,  Сыдық  Дүйсембин,  Құрманбай  Мұздыбаев,  Бейсеке 
Есіркепов,  Майлыбай  Есенбаев,  Имамбазар  Қазанғапов,  Райымжан  Мәрсеков,  Қалдыбай 
Боданбаев, Көкбай Жанатаев. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет