27. Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы. С. Меңдешов, А. Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі



бет1/3
Дата11.05.2022
өлшемі31,36 Kb.
#142396
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
№1.27; 2.20; 3.13 Жансая тарих


№1.27
27. Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. С.Меңдешов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі.
Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
Қазақ АКСР-ның 1925-1929 жылдардағы шекарасының өзгеруі.
1932 жылдағы Қазақ АКСР-і

Шекарасы:


1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы:
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.
Қазревком мүшелері:
С.Меңдешев (1882-1937)
Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев
1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)


Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы
1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

А.Байтұрсынұлы(1873-1937)


Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы
"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.

№2.20



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет