3 – тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері



Дата16.05.2022
өлшемі16,94 Kb.
#143482
түріНұсқаулар
Байланысты:
3 - тақырып.


3 – тақырып.
Еңбек құқығының қайнар көздері.

  1. Еңбек құқығының қайнар көздерінің түсінігі және ұғымы.

  2. Қайнар көздерінің жіктелуі және түрлері.

  3. Еңбек нормаларының өмірлік маңызы.


Еңбек құқығының қайнар көздері деп – еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтамыз.
Кең мағынадағы бастаулары деп – референдумда қабылданған не уәкілетті орган мен мемлекеттік лауазымды тұлға қабылдаған, құқықтық ережелерді белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Қолданыстағы қайнар көздері «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «еңбек құқығының нормативтік актілері», «еңбек туралы заңдар» деп аталады. Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзіретті органдарының еңбек және өзгеде қоғамдық қатынастарын реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға болады. Еңбек құқығының қайнар көздері – жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын құрайды.
Еңбек құқығының қайнар көздеріне келесі актілер кіреді:

  1. Еңбек қатынастарының құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын басты заң Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және соған сәйкес қабылданған заңдар;

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

  5. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің нормативтік қаулылары;

  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

  7. Министрліктер мен ведомствалардың нормативтік құқықтық актілері;

  8. Жергілікті маслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың өз құзірет шегіндегі нормативтік актілері;

  9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер (ұжымдық шарттар мен келісімдер, сыйақы-жалақы беру туралы ережелер);

  10. Жұмыс берушінің актілері (өкімдер, бұйрықтар, ішкі еңбек тәртіб ережелері).

Азаматтардың еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 2015 жылдың 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізіліп 4 – бөлім, 23-тараудан, 204-баптан тұрады. Еңбек кодексі конституцияда, заңдарда, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе республика аумағында еңбек қызметі мен айналысатын Қазақстан азаматының, шетел азаматының және азаматтығы жоқ тұлғалардың және олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады. Еңбек кодексі еңбек қатынастарының осы заңға қайшы келмейтін бөлігін сақтап қалған заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілер реттемейтін саласын айқындайды. Оларға келесі заңдар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған «Ұжымдық шарттар туралы» заң, 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» заң, 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған « Кәсіптік одақтар туралы» заң, 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» заң, 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т.б. заңдар жатады. Бұл нормативтік құқықтық актілер ұйымның барлық қызметкерлеріне қатысты болып және орындалуға міндетті болып, тұрақты қолдануға бағытталып, бұл жергілікті актілер еңбек қатынастарын реттейтін басты заңдарға қайшы келмеуі керек.
Еңбек құқығының негізгі нормативітк құқықтық актілерінен келесі туынды нормативтік құқықтық актілер туындайды:

  1. қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акті;

  2. ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттілігін белгілейтін нормативтік құқықтық акті;

  3. регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның бөлімшелері қызметінің ішкі еңбек тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акті;

  4. нұсқаулық – заңдардың, қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын толық көрсететін нормативтік құқықтық актілер туынды сипатқа иеленіп, негізгі актілерге қатысты қосымша қызмет атқарады.

Қорыта айтқанда еңбек құқығының қайнар көздері – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбектік қатынастарды реттейтін, еңбек қатынас субъектілерінің орындалуына міндетті мемлекеттің заң қабылдауға өкілетті органдары мен лауазымды тұлғалары қабылдаған жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесінің жиынтығын айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет