Ата Заң – алтын тұғырымыз



Дата03.01.2022
өлшемі15,3 Kb.
#108534
Байланысты:
Ата Заң - алтын тұғырымыз эссе
11сынып жмб ІІБЖБ, сагат

Ата Заң – алтын тұғырымыз

Дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар Конституциясын қабылдаудан бастайды. Демек, Ата Заң – елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құнды құжат, халықтың құқығын қорғайтын әділет жақтаушысы. Неліктен Ата Заң мемлекетіміздің негізгі тірегі саналады?

Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейімделіп жаратылған. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашанда өркениет көшінен қалмаған. Даңқты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», - деген ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек... Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстыратын алтын арқау іспеттес десек артық болмас.

Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады. Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды. Ата Заңымызда адам құқығын , бостандығын дәріптеп, бірінші орынға қою – еліміздің демократиялық мемлекет екенін дәлелдейтін басты айғақ. Сонымен қатар, көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып табылады екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың құдіреттігін білдірсе керек.



Қорытындылай келе, Қазақстанның Ата Заңы – еліміздің берік іргетасы. Конституцияны қабылдау адам мен адамзаттың құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғаны анық. Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздері, тіпті, Конституция деген сөздің өзі зор мәнге ие. Бұл – жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін құжат. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет