3 – тәжірбиелік жұмыс. Іскерлік кездесулер. Сөйлеу мәдениеті.
Келіссөз жүргізу этикеті. Сөз қисындылығы.
Басқару саласындағы мамандардың кәсіби сөздері.
1.Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі.
2. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері.
3.Мамандық бойынша мәтінмен жұмыс: аударма, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру, кәсіби сөздердің сәйкестігін табу, мәтінге сұрақ құрастыру, мәтінге жоспар құру, аңдатпа жазу, түйіндеме жазу, ойды жалғастыру және т.б.
«Кәсіби тілдесім – тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады: ресми, бейресми, қалыптасқан тілдесім және т.б.» [1, 121 б.]. Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегі
1-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.
Менеджер қызметінің табиғаты
Біз жұмыс аптасы барысында басқару қызметі әркез айқын, жүйелі прогрессияны ұстана бермейтінін атап өткенбіз. Негізінде басшы қызметі тосын жағдайларға, өзгерістерге, іркілістер мен бір-біріне байланысты емес іс-әрекеттерге толы болып келеді. Көптеген зерттеулердің болжамы бойынша, әдеттегі жұмыс күні бас атқарушы директор өз уақытын жоспарланғаннан басқа кездейсоқ кездесулермен де өткізеді, басқару қызметін пысықтайды, телефонмен сөйлеседі, электронды хаттарды оқиды және оларға жауап жазады, өзінен шешім қабылдауды қажет еттетін түрлі жағдайларға мән береді. (Қызметтің әрбір түріне жұмсалған осындай уақыт, әрине, үнемі айнымалы болады.) Басқару қызметінің сипаты күрделі және жиі кездесетін болжамсыз тәсілдермен құбылып тұрады.
Десек те басшылар кең ауқымды міндеттерді қамтуға мәжбүр. Мысалы, бір күн ішінде басшыға жаңа өнімнің дизайнына қатысты шешім қабылдау, қарамағындағы екі қызметкердің арасында туындаған дауды шешу, жаңа көмекші жалдау, өз бастығы үшін есеп жазу, шетелдік әріптесімен бірге біріккен кәсіпорынның жұмысын үйлестіру, мәселені зерттеу үшін мақсатты топ құру, интернеттен ақпарат іздестіру және қызметкерлердің шағымдарымен жұмыс істеу қажет болып жатады. Сонымен қатар жетекшінің кейбір шаруасы аяқсыз қалуы да мүмкін. Электронды хат, телефон қоңырауын, сондай-ақ онымен кездесуді күтіп отырған адамдарға бұл, әрине, ұнамасы хақ. Шешімдерді шұғыл қабылдауға, ал жоспарларды пайымдауға аз уақыт қалдыра отырып, уақыт ұтуға тура келуі мүмкін.20 Көп жағдайда, басқару қызметінің осы сипаттары оның құны мен маңызын арттыра түседі. Қатты қысыммен, ширыққан жағдайда қабылданған маңызды оң шешімдер ішкі құлшынысты бұрынғыдан да аттыра түсуі мүмкін. Басшыларға әдетте өздері көтеріп жүрген осындай ауыр жүк үшін жақсы ақы төленеді.
«Бизнес – қарапайым нәрсе. Менеджер қызметкерлердің жағдайын ойлауы тиіс. Қызметкерлер тұтынушылардың жағдайын ойлауы керек. Ал риза болған тұтынушылар бизнес иесінің жағдайын жасайды. Мен мұны берекелі байланыс шеңбері деймін».
— ДЖОН МАККИ. WHOLE FOODS КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Мәтін Рухани жаңғыру. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» бағдарламасы бойынша аударылған Менеджмент. Рикки У. Гриффин. кітабынан алынды.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Менеджер кімдердің жағдайын ойлауы тиіс?
Риза болған тұтынушылар кімнің жағдайын жасайды?
2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс жалғасын тауып, көшіріп жазу
Басқару күрделі қоғам...құбылыс, ол өзінің көрініс табуы тұрғысынан көп қырлы және қоғамдық өмір... барлық салаларын... орын алады. Заманауи ғылымда басқару мәселелері күрделі білім жүйесі болып табылатын түрлі бағыттар... дамуда, онда түрлі ғылым салалары дара қарым-қатынаста, біріне-бірі ықпал ете отырып, бірақ өз әдістері мен пәнінің ерекшеліктерін сақтап, тәуелсіз негізде қалыпта..., даму үстінде.
3-тапсырма. Мақал - мәтелдердің мағыналарын ашу.
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!
***
Әлем билеу үшін зерде тірек қой,
Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.
***
Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,
Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.
***
Биің қылаң болса,
елің ылаң болады.
***
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
***
Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
4-тапсырма. Бірінші орысша нұсқасын жазып, қасына қазақша аудармасын жазыңыз
Личные качества менеджера / Менеджердің жеке қасиеттері
5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз:
cобеседование -
обмен мнениями -
научные, учебные темы -
высказывать свое мнение -
делать выводы -
изложения-описания -
полнота содержания -
выражать оценку чему-либо –
6-тапсырма. сайтпен танысу
https://abai.institute/qazaqsha-uirenu
Достарыңызбен бөлісу: |