34 М. Смағұлов атындағы орта мектеп



Дата26.06.2018
өлшемі40,47 Kb.
#44663
34 М.Смағұлов атындағы орта мектеп

Ұжымдық отырыс сценарии

Дайындаған :Кененбаева А.Ж.


Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасыныңтірегі, елдібастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сайсый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ – нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық , бар бақыт бұйырсын деп.
Видиоролик: 7 май құтықтау.

Еңілік бүгін біз еркектер туралы шындықты айта отырайық.

Мысалы: Еркек пен әйел әр түрлі ойлайды.

Неге . Екеуіде бірдей емес па?

Ми жұмыс істеуінің жынысқа қатысты айырмашылығы бар және бұл – тек адамдарға ғана емес, хайуандарға да, жануарларға да тән құбылыс. Еркек бір уақытта екі жұмысты істеуге қабілетті. Мысалы, машинасын жөндеп тұрып, газеттен оқыған мақаласын талқылауы мүмкін. Машинасының бұзылған тетігін түзеу үшін миының жарты бөлігі қызмет етсе, қалған жарты бөлігі мақаланы талқылауға жұмыс жасайды. Ал әйелдер бір ғана істі тындыру үшін миының екі жартысын да біріктіреді. Бұл берілген тапсырманың орындалуының жылдамдығын ғана арттырмайды, тиянақты болуын қамтамасыз етеді. Әйелдің қырағылығы кез келген өтірік әңгіменің шындыққа жанасымды болуына септігін тигізеді. Сондықтан еркектерді сендіру оңай.
Біз бүгінгі келіп отырған қонақтарымызға ескерте кетейік. Бүгінгі кешіміз қыз-келіншектеріміздің ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін көрсетумен, сонымен қатар әр сөз сөйлеген адам өздері дайындаған әндерімен, билерімен, басқада өнерлерімен , ойындарынойнатумен жалғасын табады.

Бүгінгі мерекелік кештіңсөз кезегін Абаева Гүлайым татиге берелік.


Еркектерге ода

немесе Жүрсін Ерманша толғау

(әзіл өлең)

Қай жерде, мейлі қоғамда,

Еркектер аз адамда.

Сүйенішің, тірегің,

Еркектің болғаны жаман ба?

Құлақ салып тыңдасаң,

Арыз айтайын заманға.

Еркектер бұзар қамалды,

Еркектер табар амалды.

Адам Ата да алғашқы,

Еркек қатарынан саналды.

Әйелдің өзі алдымен,

Еркек қабырғасынан жаралды.

Белгілі ғой мына біз барда,

Қоғамда болады ызғарда.

Еркек болмаса ғаламда,

Боянбай жүрер қыздар да.

Планетаны су басып,

Айналып кетер мұз қарға.

Еркекпен өмір сәндірек,

Еркекпен өмір мәндірек.

Әйелдің өзі тамақты,

Біз үшін пысырар дәмділеп.

Қол соғып қояйық бәріміз,

Еркекпен ғұмыр мәнді деп.

Еркектер мықты, саналы,

Қылыштан өткір жанары.

Еркектер берік, ұстамды,

Болса да жүрек жаралы.

Еркексіз өмір қызықсыз,

Еркексіз ғұмыр қаралы.

Еркек сенің қорғаның,

Тұмсық батпас орманың.

Айрылғың келмесе бақыттан,

Жасап бер оның бар қамын.

Бес күндік мынау жалғанда,

Еркек қана болсын арманың.

Еркек боп енді тасасың,

Ар-намыстан қалай қашасың.

Шекісіп қалсаң басқамен,

Досыңа құшақ ашасың.

Әйелдің күні еркекпен,

Еркектер мәңгі жасасын!

Бүгінгісый-құрмет тек сіздергеарналады. Сондықтан алғашқы сөзді: Махаева Света татиге, Садуаева Жамиля татиге, Таманбаева Нұршайым татиге, Шолпан тати, ....................... Садат татиге беріледі.

Өлең Жамиля тати.

Тағы бір еркектер туралы шындықты айта кетейік.

Ең қызығы, әйелдерге қарағанда, еркектер өмірлік серігіне көбірек көңілі толмайды екен. Айтпаса да, түсінікті. Қыздар қауымы ақылға салса, кімге күйеуге шығатынын, болашақта қалай болатынын біліп, болжап, іштей дайын болады. Ал еркектер сезім мен сұлулықтың шырмауынан шыға алмай, өзін жақсы көріп, аялап, еркелетіп жүргені жеткілікті деп ойлайды. Жыл өткен сайын әйелін жаңа қырынан көрген сайын таңырқай береді.
Отбасын құрған барлық еркектер шыдамсыздана мұрагерін күтеді. Баланың дүниеге келуі әйел мен ердің арасын неғұрлым жақындатса, соғұрлым алыстата түседі. Айтылған «бауы берік болсындар», құттықтаулар, «жуу», тойлау, өзін әке сезініп, марқайып қалу сияқты қуаныштардың арты баланың түні бойы жылап, сан рет ұйқыдан оятуы, төсегінің, киімдерінің «былғануына» ұласады. Оған қоса, әйелінің бар назары баласына ауып, еркектер бүкіл ықыласын шаранасына арнаған әйелін іштей қызғанады. Тұңғыш баласы қыз болып туылса, ұл дүниеге келгенше, еркектер шыдамсыздана күтетін көрінеді.
Еркектерде табысқа ұмтылыс басым. Мақсат, карьера, мол ақша – еркектер үшін өте маңызды. Жұмыссыз қалу не қаржы қорының ойсырауы – отағасына үлкен трагедия. Жағдайының төмен болуы намысын қытықтап, өзін-өзі іштей «жеп қояды». әйелін, баласын асырау үшін мол табыстың болуына ұмтыла түседі де, оған жетудің жолдарын ұтымды таба біледі.
Еркектер «қыдырудан» бас тартпайды. Егер ол сүйікті әке, құлай сүйген отағасы болса да, сұлулыққа, жастыққа сүйсініп, ойнап-күлуден қашпайды. Жан-жаққа «көз тастауы» 40-50 жас шамаларында көп орын алады екен. Отбасының күйбең тіршілігінен бірауық тыныштықты аңсап, «даладан» жылу іздеп, жаңа романдарға ықыласын аударуы мүмкін. Күйеуіңіздің бұл еркелігін кешірімділікпен түсіне білсеңіз, шаңырағыңыздың шайқалмауына, күйеуіңіздің одан сайын қадірлей түсуіне жол табасыз.

. «Барлық еркек – бала». Коко Шанель осылай айтқан. Бұл сөздің астарын түсінген әйел бәрін де түсінеді. Еркектер 50 жасында да ойға сыймайтын істерді істеуі мүмкін. Немересімен доп теуіп, асыр салып ойнауы да қалыпты. Басым бөлігі 40-тан асқанда бозбала секілді ғашық болғыш келетін көрінеді.

Ендеше бір ойын ойнап көрейікші. Ортаға 3 адам шықсы екен. Мен дайындап келген слайдта бүгінгі қонақ болып келіп отырған ер – азаматтарымыздың балалық шағынан естелік . Сол суреттегі кім екенін табу керек.

Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,

Үйрететін жақсылық, адалдыққа,

Балғын жасты баулитын болашаққа,

Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа! - дей келе келесі сөз кезегі: Дана тати, Гүлнар тати, Нүрипа татиге, Жамиля татиге беріледі.

(гүлнар тати мен Нүрипа татиге тақпақтар берілу керек)

Света тати: Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі,

Олар жайлы айтыңызшы, не білесіз сіз осы.

Олар жайлы айтылып жүр, айтылады тағы да,

Себебі олар аулымыздың еркесі мен серкесі.
Алға бастар ұжымды нық сеніммен,

Қыл қаламмен өнерге жол сілтеген.

Білім менен тәрбиені қадағалап,

Мұрат ағай мектеп үшін жүгірген.


Нұршай тати:Көңілі кең, өнерлі Айтхан аға,

Біз үшін орны бөлек жеке дара.

Ашық-жарқын мінезімен баурап алған,

Көмегін де ешкімнен аямаған.


Шолпан тати: Құдабай аға ән мен жырға бөлеген,

Құрметтейміз ол кісіні ұжымменен.

Жол жүрер қысы-жазы Көгадырға,

Қысылғанда өлеңімен демеген.


С.Жамиля тати: Мұхтар аға сегіз қырлы, бір сырлы,

Өзіңізге жазып едік бұл жырды.

Жарыққа біз жаны құмар жан едік,

Қиып тастап жүрмеңізші бір күні.


Н.Жамиля:Құрметпенен қарайды,

Жұмысына әрдайым.

Қайсар аға осындай,

Сұрасаңыз ағайын.


Дана тати:Әлібек аға өз ісінің шебері,

Ол туралы білмейміз, кім не дейді.

Сөзге шебер байқасаңыз бірақта,

Басқалардан қалмайды ол жырақта.


Нүрипа тати:Сексен қыздың арманы Серік аға,

Өзіңізден асқан сірә, жан бар ма?!

Ойыңызға бойыңыз сай келіп тұр,

Естігенде бұл сөздерді таң қалма.


Гулвира тати:Ғалымжан аға тамаша көркем жігіт,

Қарайды оған басқалар көзін тігіп.

Көп келмейді бірақ та вечерлерге,

Қорқама екен кетеді деп көз тиіп.


Гүлнар тати:Мектебімнің амандығын сақтаған,

Жаныңда жүр Дәулет деген жақсы адам.

Күні-түні көзілмей, таң атқанша,

Өз міндетін абыроймен атқарған.


Жанар тати:Тараған ұрпағынан тектілердің,

Аршабекті жақсы жігіт деп білемін.

Айтқанынан қайтпайтын мінезі бар,

Мықты болсаң, жеңіп көр сөзден өзің.


Еріккүл тати:Сері жігіт Аркади де бар бізде

Мінезі де басқалардан өзгеше

Даусы естіліп жатқан контор жақтан,

Қыздарменен күлісіп қалжыңдасқан.


Гүлмира: Ұжымдағы іскер жігіт Болатбек,

Өзі пысық, өзі білгір керемет!

Бәрін бірдей айта беріп не керек,

Отырысты қыздырады би билеп


Салтанат тати:Техниканы Ноян жақсы меңгерген,

Информатиканы одан жақсы кім білген.

Әзіл-қалжың жүрген жері күнде таң,

Білмей жүрсең, ол туралы біліп қой.


Беріккүл тати:Қорғап жүрер біздерді Айдын батыр,

Әскеи боп, форма киіп келе жатыр.

Жігітке тән мінезімен қызықтырып,

Жарыстардан жүлделермен оралған.


Жазира тати: Сылқым жігіт бізде бар Медет деген,

Нағыз жігіт кім десе Медет дер ем.

Сабырлы да салмақты мінезімен,

Бөліспейді пікірін ешкімменен.


Ойын. Шарты мимикамен келтіру, сөйлеуге болмайды.(Айдын ағай, Медет Ағай, Құдабай аға, Бота аға, Серік аға, Дәулет аға, Ноян аға.)

Бүгінгі мерекеде жар салады,

Құрметтеп замандасын қарсы алады.

Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,

Билейді, ойнап күліп, ән салады.

Ән : Бақытгүл татенің әні



Еркектер туралы бірер афоризмдер :)

Идеал еркек ішпейді, шекпейді, құмар ойын ойнамайды, ешқашан бәстеспейді. Және ондайлар өте мөте аз.

Ханзада жігітті өмір бақи  күтуге болады, ал еркекті әркез табуға болады.

Қандай еркек жақсы әрине ұйықтаған кезде, ұйықтағаны сондай жақсы.

Идеал еркек ол қазына, әрі дірілдеткіш.

Еркектің өтпелі кезеңінде жас қыздарды тізімдеп қимайды, кәріге көңілі тартпайды.

Еркек монша секілді, әуелі  ол әйелге жабысады, соңында жуынып шайынады.

Ақымақ еркек әйелімен ұрыссады, ал ақылды еркек ол әйелге үйленгені үшін өз өзін жазғырады.

Үйлен ешнәрсеге алаңдамай, егер жақсы әйел тап болса, шығармашыл боласың. Егер жаман әйел тап болса, философ боласың :)

Міне осылай қысқаша афоризмді аударып сіздерге ұсындым. Осы жазуларды оқығанда өзіңіз осыған сәйкес болсаңыз, қорықпаңыз оны тек сізден басқа ешкім білмейді. :)



Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен Келесі құтықтау сөз: Гулвира тати, Жанар тати, Гулбану тати, Гулмира тати, Салтанат татиге беріледі.

Гулбану тати: Тағдыр мынау бір сүріну бір құлау,
Өзі ақ салар мойыныңа қыл бырау.
Шала берме аяғынан еркектің,
Еркек деген құдірет қой құрбым ау.

Еркек деген құдірет қой біреуі мен,


Әйел қауым еркектерді сақтаңыздар жүдеуден.
Өйткені олар аз емес па саны кем,
Үш әйелге біреуден.

Еркек деген нәзіктікке жақын ел,


Тек оларға бірақ нәрсе ақыл ем.
Банкы қойғын тырысса егер арқасы,
Бас тырысса әкеп бергің пахмел.

Еркек деген ерке халық сері ғой,


Ішіп алса шеттерінен жынды тентек пері ғой.
Еркек қанша жынды, сері болса да,
Өз төсегі оралатын жері ғой.

Еркек болсаң әй қолыңды қағарсың,


Осы шығар әйелдерге сірә сын.
Көңілін тап еркектерден ерте тұр,
Сүттен бұрын әкеп бергің сырасын.

Жұмысынан кеште келсін мазаны алмай ерте кеп,


Ондай кезде кешігуге өзің дағы бер себеп.
Еркек деген үлбіріктей тым нәзік,
Сүй бетінен сыйпа арқадан еркелет.

Отбасында болсын десең дұрыс хал,


Ашуланба долданбағың дұрыстал.
Еркек деген қанша мықты десек те,
Бірақ рет морт кететін хрусталь.

Еркек деген тарам-тарам жолдар ғой,


Көрсе қызар деп айыптау құры әшейін долбар ғой.
Дүнйе іздеп еркектерден қайтесің,
Еркек өзі алтын, күміс, евро, теңге, доллар ғой.

Есті әйелдер еркектерді кері теппер,


Мықты болсаң жүректерін өртеп көр.
Анау мынау дефитцит деп жылама,
Шын дефитцит мына біздер еркектер.

Біз дефитцйт біз бар жерде жалын бар,


Қу құлаққа соны құйып алыңдар.
Нарық болған ғаріп болған заманда,
Еркек үшін төлейсіңдер қалың мал.

Еркек деген қыз қырқынның арманы,


Соған түсер тіршіліктің салмағы.
Еркек деген туып алған балаң емес зіркілдер,
Еркек деген отбасыңның қорғаны.

Еркектерді аялауда әлпештеуде ерсі емес,


Өйткені ол келіп кетер құдаң емес көрші емес.
Еркек деген қара табан, қара жаяу жүрсе де,
Еркек деген шестесотый мерседесс.

Еркек деген құдірет қой айта берем әй несін,


Әйел десін еркелетсін әй десін.
Сенен басқа тағы екі әйел көз сап тұр,
Соның бірі іліп кетсе қайтесің.


Жанар тати : ЕРКЕКТЕР-АЙ... ӘЙЕЛДЕР-АЙ... ҚЫЗДАР-АЙ... кітабынан: Қораз бен Еркек... Екеуінің айырмашылығы Аңыз бен ертек. Қораз, мәселен, кез келген Көрші мекиендердің жүрегін өртеп, Мінез көрсетіп тентек Қыдырғысы келсе қыдырып, Ұрынғысы келсе ұрынып, Бөтен қораға Бұрылғысы келсе бұрылып, Шөжелердің артынан жүгіріп, Бірде тұрып, бірде жығылып, Кешке өзінің қорасына Қалың мекиендерінің арасына Түк болмағандай қоқиланып, оңын-соңын шоқыланып, Қайтып келеді. Еркек сөйтсінші... Әйел қаһарға мініп, Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп, Өткеннің тарихын қозғап, Жіпке тізгендей айтып береді. Қырық жыл бұрынғы Жігіт кезінде ұсынған махаббатын Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді. Соны білетін ол байғұс Үйіне қайтіп келеді? Алпыс аңызын, қырық өтірігін Батырлар жырын айтқандай Аңыратып айтып келеді. Келеді деймін-ау... Келтірмейді. Өлтіруге жақындатады Бірақ өлтірмейді. Әйел еркекті Ешқашан олай жүргізбейді, Сирағын сындырып, Ауыздықтап, тізгіндейді. Жүргенін білсе Үйге кіргізбейді. Қайран, Еркек... Қораздың бұл өмірін Күнде іздейді, түнде іздейді.

Ойын қарапайым сұрақтарға образ арқылы жауап беру.(Аркадий ағай мен Бибігүл тәте)

(Бақытты) Б.

Қалай болды? Сыйлықты қалай алдыңыз?

(Жылауық)А.

Бүгін көңіл-күйіңіз қалай?

(Күлегеш) Б.

Болашаққа жоспарларыцңыз қандай?

(Ерке) А.

Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?

(Ұрсқақ) Б.

Қай жаққа барғанда ұнатасыз?

(Ақын) А.

Өз шығармашылығыңыздан өлең жолдары?

(Депутат) Б.

Бүгінгі отырыста ерлерге не айтасыз?

(Әже) А.


Мейрамда ерлерге не сыйлайсыз?

(Робот) Б.

Бүгін ерлерге арнап тілек айтсаңыз?

(Бандит) А.

Балалық шағыңыздағы ең қызық оқиға?

(Өсекші) Б.

Әйелдердің әңгімесі

(Құттықтау) А. Б.


Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп тос кезегі: Еріккүл тати , Жазира тате, Беріккүл тате, Бибігүл татеге.

Слайд : Жастық шақ .

Антракт би кеші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда би Флешмоб биі.

2 – тост.



Еңілік : Құрметті қонақтар қане бәріміз қол шапалақтайықшы.
Келесі тос кезегі: Елібекова Жанка тати, Айгүл тати, Динара тати, Сабыркүл тати, Мейірім татиге сөз беріледі.
Слайд: колектив.

Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге «Әнім сен едің» әнін Қабыл алыңыздар!

Келесі тос кезегі: Бақыткүл тате, Ләйлім тате, Нурила тати, Бота тате, Ләзат татиге беріледі.



Ойын «Жұлдызды жұмбақ».

1.Жердің жүзін шарлайды,

Таксафонсыз болмайды.

Көліксіз де поездсыз,

Аяғы оның талмайды. (Серік Ибрагимов)
2.Үреді ит емес,

Маңырайды қой емес.

Ақырады ешкі емес,

Әзілден алыс емес. (Аманғали)


3.Ұстарамен алынбас,

Шашы ұзын лавилаз. (Лұқпан Жолдасов)


4.Футболшы емес стадионда жүреді,

Актер емес киноға түседі

Зрениесі нормальный, бірақ очки киеді

Түркістанда туылған, бірақ Алматыда тұрады. (Қайрат Нұртас)

5.Ұрмай соқпай жылатады,

Ханшайымдар ұнатады? (Ғаділбек Жанай)


6.Аласа ғана бойы бар,

Күнде кешке тойы бар? (Сифулин Жолбарыс)


7.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді? (Су)


8.Өнер жолы екеуін табыстырды,

Жас жанұя ішінде нағыз үлгі. (Қыдырәлі-Қарақат, Жазира-Жанболат, Тоқтар-Бейбіт)


9.Анасының даусы тым керемет,

Баласы да ән шырқар бірге еліктеп, (Р. Рымбаева мен Ә. Оқапов)


10.Ашуына басқанда,

Зіл көтерген аспанға. (Илья Илин)


11.Бір соққымен зыр қаққан,

Қарсыласын қиратқан. (Геннадий Головкин)


12.Сахнадан көресің

Ұлым дейді Төрешің? (Төреғали Төреәлі)


13.Әні тойдан қалмайды,

Аспаннан жұлдыз санайды? (А. Бегей)


14.Жарыстан жеңілмейді,

Жүрегі оның дірілдейді? (Жанар Дұғалова)


15.Қарсыласы қосылса,

Айтысады орысша? (Балғынбек Имашев)


16.Аты бар Айнура

Фамилясы Кененбаева?


Слайд: әке кездері.

Ән : Әке


Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ерің болса тіреп жүрген жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан

Ер адам боп жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.

Әйел адам екі саты төмен боп,
Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді.
Отағам деп қадірлесе өмірде
Мерейі мен абыройы өседі.
************
Әке көрген оқ жонар деді бабамыз,
Аман болсын аялаған панамыз,
Қабағыңа қарадық, әке ренжітпей,
Біз ұшсақ та, жаның да жүрсін анамыз.
**************

Аялап аға жүрер қарындас деп,
Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп.
Інің жүрер әпкетай жылама деп,
Сырласар өзіңменен жаныңа кеп.

Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар,
Адал ер - бақыт құстай қолға қонар,
Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса,
Көңілің інжу-маржан сөзге толар.

Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.
хор : ағаларым

Ағаларым!

Құшағы оттай ыстық Сахарадай
Көңілі алып ұшқан шағаладай
Алдымнан көкем ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой
Сендерді сағындым ғой Ағаларым!

қайырмасы

Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол Ағаларым 2 р 2

Аңқылдақ айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңе ізіңдегі қарап жур деп
Қалдырған өздеріңді Қалдырған өздеріңді бабаларым

қайырмасы

3 Өзіңе сыйынамын қандай жақсы
Сөзіңе суйсінемін балдай тәтті
Ерлердің ағасы бар-жағасы бар!
Алдыңда ағаң болған
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!

қайырмасы!


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.



Каталог: uploads -> doc -> 0f6c
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f6c -> Сабақтың тақырыбы Салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау Сабақтың мақсаты
0f6c -> Сабақ біздің сынып туралы түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру жаңа сабақты қосымша материалдар арқылы меңгерту, ұғындыру
0f6c -> Сабақтың тақырыбы Мәтіндік редактор интерфейсі Сілтеме
0f6c -> Сабақтың барысы. Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту. «Сәлеметсіз бе?» ойыны. Қос сөздер дегеніміз не?
0f6c -> Конкурсы «Өзге тілдің бірін біл, өз тіліңді құрметте»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет