Гиподинамия Гиподинамия - аз қозғалу. Соңғы кездері адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшық ет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан организм тіршілігінде гиподинамия, яғни денеге аз күш салу және гипокинезия (грек, гипо – қалыптан төмен; динамис – күш), яғни аз қозғалу жиі кездесетін болды.
Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis — күш) — қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.