Сабақтың тақырыбы: Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері



Дата10.06.2024
өлшемі1,11 Mb.
#203308
түріСабақ
Байланысты:
Тік жүру ерекшелігі 8кл

Сабақтың тақырыбы:Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері.

Мақсаты:

Адам сүтқоректі жануарлардан өзінің тірек-қимыл аппаратының тік қалпы мен жұмыс қабілеттілігіне байланысты ерекшеленеді. Егер адамды ең жақын эволюциялық туысы – адам тәрізді маймылмен салыстырсақ, маймылдың қаңқа құрылымынан бірнеше белгіні байқауға болады.

  • Адам сүтқоректі жануарлардан өзінің тірек-қимыл аппаратының тік қалпы мен жұмыс қабілеттілігіне байланысты ерекшеленеді. Егер адамды ең жақын эволюциялық туысы – адам тәрізді маймылмен салыстырсақ, маймылдың қаңқа құрылымынан бірнеше белгіні байқауға болады.
  • Адамның бас қаңқасының көп бөлігі ми сауытына тиесілі. Бұл адам миының күшті дамуы мен көлемінің ұлғаюына байланысты болады.

Ми сауыты адам бассүйегінің көп бөлігін алып жатыр

Адамның маймылдан айырмашылығы – жақ сүйегі мен бұлшықеті нашар дамыған. Себебі адам шикі тағамды шайнамайды, яғни піскен, арнайы дайындалған асты жейді.

  • Адамның маймылдан айырмашылығы – жақ сүйегі мен бұлшықеті нашар дамыған. Себебі адам шикі тағамды шайнамайды, яғни піскен, арнайы дайындалған асты жейді.
  • Адамның омыртқа жотасына бекінетін бассүйек саңылауы (шүйде бөлімінде) омыртқа жотасының орта тұсында орналасқан, бұл бұлшықеттің басты ұстап тұруына мүмкіндік береді.

Адам, шимпанзе және қасқырдың бассүйек саңылауының орналасуы

Иектің шығыңқы орналасуы, бет бұлшықеті мен тіл бұлшықетінің жақсы дамуы – сөйлеудің нәтижесі.

  • Иектің шығыңқы орналасуы, бет бұлшықеті мен тіл бұлшықетінің жақсы дамуы – сөйлеудің нәтижесі.
  • Адамның омыртқа жотасы түзу емес. Омыртқа жотасының алға қарай иілуі лордоз, ал артқа қарай иілуі кифоз деп аталады. Адамда омыртқа жотасының алға қарай 2 иілімі болады (мойын мен бел аймағындағы лордоз) және 2 артқа қарай (кеуде және сегізкөз аймағындағы кифоз). Омыртқаның бұл пішіні S-тәрізді деп аталады.

Адамның омыртқа жотасы S-тәрізді. Омыртқа мойыннан бастап бел аймағына қарай іріленген (массивті)

Омыртқа иіні (S-тәрізді) жүру кезінде дірілді жұмсартады және тік жүрген кезде денеге табандылық береді.

  • Омыртқа иіні (S-тәрізді) жүру кезінде дірілді жұмсартады және тік жүрген кезде денеге табандылық береді.
  • Омыртқалардың өлшемі бірдей емес. Мойын омыртқадан бел омыртқаға дейін омыртқалар іріленеді, себебі тұлға мен аяқ-қол салмағының басым бөлігі омыртқаларға түседі.
  • Тік қалыпқа байланысты адам денесінің ауырлық орталығы төменге ауысады да бел, сегізкөз аймағында орналасады. Осыған байланысты адамның жамбасы ұлғайған, ал кеуде қуысы салыстырмалы түрде жалпақ болады. Маймылда ауырлық орталығы дененің жоғарғы тұсында, сондықтан кеудесі ірі, ал жамбасы жалпақ болады.
  • Тік қалыпқа тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін адамның жамбас буыны бір-бірінен алшақ орналасқан.
  • Тұру мен жүруге жауапты аяқ қолмен салыстырғанда, ұзын және мықты болады.

Адамның (сол жақта) маймылмен (оң жақта) салыстырғанда, қолы қысқа, аяғы ұзын болады

Адамның табан доғасы соққыны жұмсартады және табанындағы қантамырлардың қысылмай, ұзақ уақыт бойы тік тұруына мүмкіндік береді.

  • Адамның табан доғасы соққыны жұмсартады және табанындағы қантамырлардың қысылмай, ұзақ уақыт бойы тік тұруына мүмкіндік береді.

Адамның табан доғасының пішіні

Қолдың бірінші саусағы (бас бармақ) өте қозғалмалы және басқа саусақтардан алшақ орналасқан, бұл – қолдың еңбек етуші мүшесі.

  • Қолдың бірінші саусағы (бас бармақ) өте қозғалмалы және басқа саусақтардан алшақ орналасқан, бұл – қолдың еңбек етуші мүшесі.
  • Қаңқа сүйектері бір-бірімен байланысқан, қозғалыс иінтірегін (рычаг) құрайды. Яғни бір сүйек (қозғалмалы) қимыл жасайды, ал екіншісі (қозғалмайтын) тіреу нүктесі болады. Иінтірек бұлшықет жұмысы арқылы қозғалады.

Бас бармақ басқа саусақтардан алшақ орналасқан

Тапсырма №1. Ойлан тап


Сөйлеуге байланысты ерекшеліктерді анықта
1.Тіл бұлшықеттердің жақсы дамуы.
2.Иектің шығыңқы болуы.
3.Бассүйектегі ортаңғы шүйде саңылауы.

Биологиялық диктант

  • Адамда тік жүруге байланысты ауырлық орталығы…………аймағында болады. Осыған байланысты адамның ……………
  • ұлғайған, ал……………салыстырмалы түрде жалпақ болады. Тік жүру тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ……………….бір-бірінен алшақ орналасқан.

Тапсырма№3.Артығын тап

  • Адамның тік жүруіне байланысты қаңқаның ерекшеліктері:
  • 1. Омыртқаның бұл пішіні S-тәрізді
  • 2. Аяқтары ұзын
  • 3. Үлкен ми сауыты
  • 4.Ойыс табан
  • 5.Ұзын қол
  • 6.Бір бағытта орналасқан саусақтар
  • 7.Бассүйекте саңылау жоқ

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет