Тақырып
|
Геосаясаттың құралдары мен зерттеу әдістері
Қазақстанның геосаяси жағдайы
Қазақстанның геосаяси әлеуеті
|
Оқу мақсаты
|
11.5.1.1 геосаясаттың құралдары мен зерттеу әдістерін анықтау
11.5.1.2 Қазақстанның геосаяси орны мен жағдайын талдау
11.5.1.3 Қазақстанның геосаяси әлеуетіне баға беру арқылы қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныс жасау
|
Бағалау критерийі
|
Оқушы:
Геосаясаттың құралдары мен зерттеу әдістерін көрсетеді
Қазақстанның геосаяси әлеуетін бағалайды
Қазақстанның геосаяси әлеуетіне баға беру арқылы қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныс жасайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Берілген ақпаратты және өз біліміңізді қолданып сұрақтарға жауап беріңіз.
Көпвекторлы сыртқы саясат – егемендіктің ерекше көрінісі.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін жария еткен 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап демократиялық даму жолын таңдайтындығын жалпы әлемге жария етіп, еліміздің өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады. Еуразия кеңістігінде алып аумақты алып жатқан еліміз сыртқы саяси басымдықтарын айқындауда, орналасқан аумағының географиялық саясат (геосаяси) жағдайынан шыға отырып көпвекторлы бағыт ұстанды. Әлемдік саяси теорияда көпвекторлы сыртқы саясат демократиялық мемлекеттерге тән.
|