«Изучение биологической активности природных соединений и их производных» «Researching the biological activitig of natural compounds and their derivatives»
Лектор: Жанымханова Пернеш Жайдарбековна.
Фармация мектебінің профессор-ассистенті
Қарағанды 2023
Дәріс №1-3
Тақырыбы: Ғылыми зерттеулер әдіснамасы Ғылыми зерттеу негіздері пәнінен
6B07201 «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы»
2 курс студенттеріне арналған дәріс
Жоспар:
Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы ұғым
Эмпирикалық зерттеу әдістері. Абстрагирлеу, талдау, синтез. Индукция және дедукция, модельдеу.
Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза және
болжам, теория
Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы ұғым
Ғылыми зерттеу әдісі– объективті шындықты тану тәсілі. Әдіс ісәрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігін білдіреді. Оқытылатын объектілердің мазмұнына байланысты жаратылыстану әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ерекшеленеді. Зерттеу әдістері ғылым салалары бойынша жіктеледі: математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т.б.
Эмпирикалық деңгей әдістеріне бақылау, сипаттау, салыстыру, есеп, өлшеу, сауалнамалық сұрау, әңгімелесу, тестілеу, эксперимент, модельдеу және т.б. жатады.
Теориялық деңгей әдістеріне аксиоматикалық, гипотетикалық, формализация, абстрагирлеу, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия) және т.б. жатады.
Метатеоретикалық деңгейдің әдістері диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық және т.б. болып бөлінеді. Қолдану саласы мен ортақтасу дәрежесіне байланысты әдістерді ажыратады:
- барлық ғылымдарда және танымның барлық кезеңдерінде әрекет ететін жалпылама (философиялық);
жалпы ғылыми, олар: гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда қолданыла алады;
жеке, өзара туыс ғылымдар үшін;
арнайы, нақты ғылым, ғылыми таным саласы үшін қолданылатындар.