«Изучение биологической активности природных соединений и их производных» «Researching the biological activitig of natural compounds and their derivatives»



бет3/7
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#205734
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы (копия)

Эмпирикалық зерттеу әдістері
Өлшеу – өлшеу бірлігі арқылы кейбір шаманың сандық мәнін анықтау.
Өлшеу мынадай негізгі элементтердің болуын көздейді: өлшеу объектісі, көрсеткіш, өлшеу аспаптары, өлшеу әдісі. Өлшеу салыстыру операциясынан
дамиды, дегенмен ол күшті және әмбебап танымдық құрал болып табылады.
Эксперимент (тәжірибе)– бұл зерттеуші жасанды жағдайлар жасау
немесе тиісті қасиеттерді анықтауда қажетті табиғи жағдайларды пайдалану
жолымен оған белсенді және мақсатты әсер ететін объектіні зерттеу әдісі. Бақылаумен салыстырғанда объектіні эксперименталды зерттеудің
артықшылықтары келесідей:
  • эксперимент барысында негізгі үдерісті қараңғылайтын жанама факторларды жою арқылы «таза түрде» құбылысты зерттеуге болады;
  • эксперименталды жағдайларда объектілердің қасиеттерін зерттеуге

  • болады;
  • эксперименттің қайталануы, яғни қажет болғанша сынақты қайтадан өткізуге болады.

Абстрагирлеу, талдау, синтез
Абстрагирлеу – бұл елеулі емес қасиеттерден, байланыстардан, заттардың қатынастарынан ой елегін ажырату және зерттеушіні қызықтыратын заттардың бірнеше жақтарын бөліп қарастыру. Абстрагирлеу процесі екі сатыдан тұрады.
Бірінші сатысы: құбылыстардағы анағұрлым маңызды нәрселерді ажырату және тәуелсіздікті белгілеу немесе зерделенетін құбылыстардың белгілі бір факторларға тәуелділігін елеусіз белгілеу (егер А объект Б факторынан тікелей байланысты болмаса, онда сіз соңғысын елеусіз қалдырасыз).
Екінші сатысы: абстрагирлеу мүмкіндіктерін іске асыру. Оның мәні бір объект екіншісімен алмастырылады, ол бірінші «модель» ретінде
қарастырылады. Абстрагирлеу нақты және абстрактылы объектілерге (бұрын
абстрагтаудан өткен) қолданылуы мүмкін. Абстрагирлеу таным түсінігінде күрделіні қарапайымға айналдыра алады, бірақ бұл қарапайымның өзі күрделі мәселенің негізі болуы әбден мүмкін.
  • тепе – теңдік типінің ерекше қатынасымен байланысты заттарды біріктіру жолының нәтижесінде ұғымның пайда болуы (заттардың кейбір жеке қасиеттерін елемеу);
  • оқшаулау – заттармен тығыз байланысты қасиеттер мен қатынастарды бөлу және оларды белгілі бір «есімдермен» белгілеу, бұл абстракцияларға дербес заттардың мәртебесін береді («сенімділік», «технологиялылық»). Бұл екі абстракцияның арасындағы айырмашылық бірінші жағдайда объектінің қасиеттерінің кешені оқшауланады, ал екіншісінде – оның жалғыз қасиеті оқшауланады;
  • конструктивизация – нақты объектілердің шекараларының белгісіздігінен алшақтау (үздіксіз қозғалысты тоқтатамыз және т.с.с.);
  • өзекті шексіздік – шексіз жиын процесінің пайда болуын аяқталмаудан (және аяқталмай қалуынан) алшақтату;
  • шынайы жүзеге асыру – уақыт пен кеңістіктегі өмірдің шектелуімен негізделген адам мүмкіндіктерінің нақты шекараларынан алшақтау (шексіздік шынайы жүзеге асырылатын ретінде әрекет етеді). Абстрагирлеу нәтижесі көбінесе зерттеудің ерекше әдісі ретінде, сондай – ақ эксперимент-талдау және үлгілеу әдістерінің құрылымы бойынша неғұрлым күрделі элемент ретінде әрекет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет