«Изучение биологической активности природных соединений и их производных» «Researching the biological activitig of natural compounds and their derivatives»


Таным деңгейіне байланысты әдістер



бет2/7
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#205734
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы (копия)

Таным деңгейіне байланысты әдістер:
Ғылыми зерттеудің «әдіс» ұғымын және «техника», «процедура» және
«әдістеме» ұғымдарын ажырата білу керек.
  • Зерттеу техникасы деп қандай да бір әдісті пайдалану үшін арнайы тәсілдер жиынтығын айтады.
  • Зерттеу процедурасы деп іс – әрекеттердің белгілі бір реттілігін, зерттеуді ұйымдастыру тәсілін айтады.
  • Әдістеме – таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Кез келген ғылыми зерттеу белгілі бір әдістермен және тәсілдермен, белгілі бір ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жүйесі туралы ілімді әдіснама деп атайды.
  • «Әдіснама» ұғымы әдебиетте екі мағынада қолданылады:

  • - қандай да бір қызмет саласында (ғылым, саясат және т.б.) қолданылатын әдістер жиынтығы);
    - танымның ғылыми әдісі туралы ілім.

Танымның жалпы әдістерін үш топқа бөлуге болады:
  • эмпирикалық зерттеу әдістері;
  • эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын әдістер;
  • теориялық зерттеу әдістері. Алайда, әдістердің осы топтар арасындағы қырлар аздаған шамамен ғана ерекшеленеді.

  • Эмпирикалық зерттеу әдістері
    Бақылау – бұл нысанды жүйелі, мақсатты қабылдау. Нәтиже оңды болу үшін бақылау келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
  • арнайы (бақылау белгілі бір, нақты қойылған міндет үшін жүргізіледі);
  • жоспарлы (бақылау жұмыс міндеттері бойынша, жасалған жоспар бойынша жүргізіледі);
  • мақсатты (тек қызықтыратын құбылыстар бақыланады);
  • белсенді (байқаушы қажетті нысандарды, құбылыстың шегін белсенді іздейді);
  • жүйелі (бақылау үздіксіз немесе белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі).

  • Салыстыру – бұл шынайы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау, сондай-ақ екі немесе бірнеше объектіге тән ортақ болуды анықтау үрдісі. Салыстыру әдісі келесі талаптар орындалса, оң нәтижелі болады:
  • олардың арасында белгілі бір объективті тұтастық болуы мүмкін және құбылыстар ғана салыстырылуы мүмкін;
  • салыстыру аса маңызды (нақты міндет жоспарында) белгілер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет