«Изучение биологической активности природных соединений и их производных» «Researching the biological activitig of natural compounds and their derivatives»


Абстракцияның келесі негізгі түрлері бар



бет4/7
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#205734
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы (копия)

Абстракцияның келесі негізгі түрлері бар:
Талдау - зерттеу заттарын құрамдас бөліктерге бөлуге мүмкіндік беретін таным әдісі (объектінің табиғи элементтері немесе оның қасиеттері мен қатынастары).
Синтез, керісінше, заттың жекелеген бөліктерін немесе жақтарын бірыңғай бүтін етіп біріктіруге мүмкіндік береді. Талдау және синтез өзара байланысты қарама-қайшылықтардың бірлігін білдіреді.
Талдау (және синтез) төмендегідей болады:
- тік немесе эмпирикалық – объектінің жекелеген бөліктерін бөлу, оның қасиеттерін, қарапайым өлшемдерін және т.б. анықтау үшін пайдаланылады;
- қайтарымды немесе қарапайым-теориялық – түрлі құбылыстардың себепсалдарлық байланысының кейбір теориялық пайымдауларына немесе қандай да бір заңды құбылыстардың әрекетіне негізделеді. Бұл ретте елеулі болып табылатын құбылыстар ерекшеленеді және біріктіріледі, ал екінші дәрежелісі елелмей қалады;
- құрылымдық-генетикалық – объектінің барлық қалған жағына шешуші әсер ететін элементтерді күрделі құбылыста ажыратуды талап етеді.
Талдау және синтездеу
Индукция және дедукция, модельдеу
Дедуктивті деп – мүмкін болатын барлық білім негізіндегі элемент туралы ой қорытындысын айтады. Таным әдісі ретінде дедукцияның мазмұны нақты құбылыстарды зерттеу кезінде жалпы ғылыми ережелерді қолдану болыптабылады. Индукция деп білім негізінде заттың жеке түрінің жалпы түрі туралы ой нәтижесін айтады. Дедукция және индукция-танымның өзара кері әдістері болып табылады.
Ғылыми индукция әдістерінің өзара әрекетінің себептерін анықтаудың бірнеше әдістері бар:
1. Жалғыз ұқсастық әдісі. Егер зерттелетін құбылыстың екі немесе одан да көп жағдайлары ортақ бір ғана жағдай болса, ал қалған барлық жағдайлар әртүрлі болса, онда бұл жалғыз ұқсас жағдай және қарастырылатын құбылыстың себебі болып табылады.
2. Жалғыз айырмашылық әдісі. Егер зерттелетін құбылыс басталса және ол туындамайтын жағдай барлығына ұқсас және тек бір жағдайда әртүрлі болса, онда бұл бір жағдайда болған және екіншісінде болмаған жағдай зерттелетін құбылыстың себебі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет