«Изучение биологической активности природных соединений и их производных» «Researching the biological activitig of natural compounds and their derivatives»



бет6/7
Дата07.10.2024
өлшемі0,64 Mb.
#205734
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы (копия)

Формализацияның артықшылықтары:
  • ол проблемаларды (мәселелерді) шешу тәсілінің жинақталуын қамтамасыз етеді;
  • символикалық мәндердің қысқалығы мен айқындығын береді;
  • символиканың бір мағыналы болуы;
  • объектілердің таңбалы моделін қалыптастыруға және осы объектілерді зерттеудің нақты заттары мен процестерін зерделеуді алмастыруға мүмкіндік береді.

  • Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияны құру әдісі, онда кейбір тұжырымдар дәлелсіз қабылданады, ал қалған барлық білімдер белгілі бір логикалық ережелер бойынша шығарылады.

Гипотеза және болжам
Теорияның ғылыми білім жүйесі ретінде қалыптасуында гипотеза немесе ғылыми болжам маңызды рөл атқарады. Гипотеза теориялық зерттеу әдісі ретінде нақты материалды ұғыну нысаны, фактілерден заңдарға көшу нысаны болып табылады.
Гипотезаның дамуы үш сатыда өтеді:
1. Нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту;
2. Гипотезаны қалыптастыру, яғни жасалған болжамнан нәтижелерді
шығару, оның негізінде болжамды теорияны өрістету;
3. Алынған қорытындыларды практикада тексеру және осындай тексеру
нәтижелері негізінде гипотезаны нақтылау. Егер тексеру салдары шындыққа сәйкес келсе, гипотеза ғылыми теорияға айналады.
Теория – теориялық зерттеу әдісі ретінде шындықтың кейбір саласындағы құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын және түсіндіретін және осы саладағы ашық заңдарды бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі. Теория зерттеудің эмпирикалық деңгейінде алынған нәтижелерден құрылады. Теорияда нәтижелер ретке келтіріледі, ортақ идеямен біріктірілген үйлесімді жүйеге келтіріледі, теорияға енгізілген абстракциялар, идеализация және қағидаттар негізінде нақтыланады.
Жаңа теорияға келесі талаптар қойылады:
  • ғылыми теория сипатталатын объектіге барабар болуы тиіс, бұл белгілі бір шектерде экспериментті зерттеулерді теориялық зерттеулерге алмастыруға әсер етеді;
  • теория шындықтың кейбір саласын толық сипаттаудағы талаптарын қанағаттандыруы тиіс;
  • теорияның өз шеңберіндегі әртүрлі компоненттер арасындағы өзара байланыс түсіндірілуі тиіс. Бір тұжырымдардан басқасына ауысуды қамтамасыз ететін теорияның әр түрлі ережелері арасында байланыс болуы тиіс;
  • теорияның ішкі қарама – қайшылық талаптары және оның тәжірибелік деректеріне сәйкестігі орындалуы тиіс;
  • теория эвристикалы, конструктивті және қарапайым болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет