5 а сынып Ноғайбай 2016жыл



Дата31.12.2019
өлшемі100,5 Kb.
#55082
Рза Қунақова атындағы орта мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Егемен елдің ертеңге бастап арнасын,

келеді кемел, кемеңгер тұлғам – Елбасым »





Мұғалімі: Ахметжанова А.А.

5 А сынып

Ноғайбай - 2016жыл

Тәрбие сағат тақырыбы: «Егемен елдің ертеңге бастап арнасын, келеді кемел, кемеңгер тұлғам – Елбасым »

Тәрбие сағат мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. (2-слайд)

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.

Жүрізуші-1: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

(3-слайд)



Жүргізуші - 2: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Егемен елдің ертеңге бастап арнасын, келеді кемел, кемеңгер тұлғам – Елбасым » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

2-жүргізуші: (4-слайд) Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.Тәуелсіз ел Қазақстан атауы қалай келді, қалай туды алдымен экранға назар аударайық.

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)



1-жүргізуші: (5-6-7слайд) Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 25 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-оқушы: (8-слайд)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.



2-оқушы: (9- слайд)

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.



3-оқушы: (10-13- слайд)

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

4-оқушы. (14-слайд)

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.



5-оқушы. (15-18 слайд)

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

7-оқушы: (19-20слайд) 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

(Әнұран айтылады)



1-жүргізуші: (21-24– слайд) Маралтай Ыбыраевтың өлеңі «Дана туған Елбасы»

Санжар:


Иығында қазағымның жүгі бар,

Жүрегінде жолбарыстың түгі бар,

Нұр ағадай дана туған Елбасы,

Бір ғасырда бір-ақ рет туылар.

Дара туған, дана туған Елбасы

Сарқылмайтын ақыл, кені арнасы.


Сабина:

Бар әлемге мойындатқан елімді,

Қызығады қазағыма баршасы.

Таңғажайып Астананы салдырған,

Тарихына өшпестей із қалдырған.

Саясаты Елбасының жүргізген,

Қазақ жұрты бір ауыздан қолдаған.
Бақдәулет:

Бақыт құсын басымызға қондырған,

Қайта құрып болмысты да болдырған,

Егеменнің жарқыратып жұлдызын,

Өшкенді де сөнбестей қып жандырған.

Денсаулығы алтын құрсақ ананың,

Еліміздің болашағы баланың.
Нұрсұлтан:

Халқымыздың бүгіні мен ертеңі,

Назарында Елбасындай дананың

Көркейді ауыл, жағдайы да жақсарды,

Қарсы алады мамандарды, жастарды.
Жасмин:

Елбасының нұсқауымен осылай,

Болашақ та дәл бүгіннен басталды.

Ынтымақты тату- тәтті елім бар,

Кен-байлықты ұлан байтақ жерім бар,

Келгендерге ақ ниетпен, достықпен,

Қадір тұтып ұсынатын төрім бар.
Исламбек:

Ғылымға да жол ашылды жастарға,

Кілті оның болған еді аспанда.

Егемендік еліміздің тарихы,

Бір кездерде айналады дастанға.

Назарбаев білім-ғылым ордасы,

Жаңа дәуір дамуының айнасы.
Алинур:

Өркениетті ел болдық қой бүгінде,

Жақсы істер бола берсін жалғасы.

Жиырма бес жыл Нұрлы жолмен келеміз,

Бақытты елдің жарқын жүзін көреміз.

Құттықтаймыз Президент күнімен,

Болашағы жарқын деп біз сенеміз!

1-жүргізуші: (25-слайд)

Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

2-жүргізуші :(30-31 слайд) Елбасымыздың бастауымен Семей полигонының жабылуына биыл аттай 25 жыл толды. 1991 жылдың 28 тамызында Нұрсұлтан Әбішұлы Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Міне, сол күннен бастап Семей өңіріндегі жарылыстар тоқтады.
Қазақ даласын қырық жылдан астам уақыт улаған Семей полигоны 18 млн гектар аумақта орналасқан болатын. Ядролық сынақтардан таралған радиация­дан 1,5 миллионға жуық адам зардап шекті. Сол өңірде қаншама бала мүгедек болып туылып, жасына жетпей қанша адам өмірмен қоштасты. Жалпы алғанда, полигонның жұмысы кезінде 456 ядролық және термоядролық жарылыстың 116-сы ашық болды. Яғни, жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды. Олардың әрқайсысының жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есеге артып кетті. Осыдан-ақ полигонның әкелген зардабын шамалауға болатындай.

Мұғалім : 9 қараша 2016 жыл

Күншығыс елінің халқы үшін хризантеманың орны ерекше. Сондықтан жапондықтар жылда бақыт гүлінің жаңа тұқымын ойлап тауып, одан әрі көрікті болуына күш салып жатыр. Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы — «Президент Назарбаев». Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған.

«Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің Президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық», — дейді гүл өсіру өндірісінің президенті Жунсуке Кишиваки.

Президент-Назарбаев гүлінің ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады.

Айта кетейік, 1876 жылы Император Мейдзи гүлдің әдемілігін жоғары бағалап, абыройын асырған. Дәлірек айтсақ, ең үлкен марапаттарды хризантемамен байланыстырды. Сол уақыттан бері ол награда санаулы саясаткерге тапсырылған. Соның бірі — біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 2008 жылы Император Акихито Қазақстан Республикасының Президентіне Үлкен лентадағы Хризантема орденін таққан еді.


(32- слайд) 12-оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Барлығы:


«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Мұғалім:

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Ән: «Менің елім» (хор)

Үйге тапсырма: «Менің Президентім» эссе жазу.



Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет