Тақырыбы: Сирия



бет1/5
Дата11.12.2021
өлшемі35,15 Kb.
#99020
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жанел Азия 13 апта


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Баяндама

Тақырыбы:Сирия

Орындаған : Әміре Жанел

Тобы: 129-17

Қабылдаған : Жадраева Г.

Сирия толық атауы — Сириялық Араб Республикасы — Батыс Азиядағы мемлекетТаяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың км2, астанасы — Дамаск қаласы. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы — Халық кеңесі (бір палаталы парламент). Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан БҰҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.

Сирия аумағының көпшілік бөлігі үстіртті. Елдің батыс бөлігі қос тау тізбегінен тұрады, бұларды Сирия опырығы (Әл-Габ ойысы) бөліп жатыр. Батыс тізбегі Ансария жотасынан, шығыс тізбек Аз-Завия тауларынан, Антиливанның шығыс беткейлерінен және бұның оңтүстік жалғасы Аш-Шейх (Хермон) жотасынан (биіктігі 2814 м) қалыптасқан. Оңтүстік-батысын Ад-Друз (биіктігі 1803 м) вулкандық массиві, оңтүстік-шығысын Сирия шөлі, солтүстік-шығысын Жазире үстірті алып жатыр.

Басты өзендері Евфрат (Сирия шегіндегі ұзындығы 675 км), Әл-Аси, Тигр. Ірі көлі — Хоме. Жері құмды саздақты, қиыршық тасты, сұр, қызыл қоңыр, өзен аңғарлары шалғынды, сортаң топырақты болып келеді. Жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл ағаштар, бұталар өседі. Жазықтық шөлді бөлігінде қасқыр, қорқау қасқыр, тұяқты сүтқоректілерден бөкен, жабайы есек, таулы өңірде аю, қабан, орман мысығы, безоар ешкісі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер мекендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет