5 практикалық жұмыс Тақырыбы: Климат картасын талдау



Дата11.03.2022
өлшемі209,86 Kb.
#135268
Байланысты:
жертану 5 прак
Есеп 15 толық, Требования к эссе

5 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Климат картасын талдау
Тапсырма: Климат құрушы факторларда атай отырып, берілген тапсырманы орындаңдар.
1.Контур картаға жер шарының климат белдеулерін түсіріңдер.
2.Ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын және салыстырмалы ылғалдылық
Тапсырма: Климат (гр. κλίμα (кліматос) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Негізгі климат қалыптастырушы факторлар. Әр аймақтың климаты бір-біріне ұқсамайды. Жер бетінің кез келген бөлігінің климаты географиялық ендікке ғана емес, оның жер бедерінің пішініне, беткі жамылғысына, жергілікті жердің географиялық орны мұхиттар мен теңіздерге, мұхит ағыстарына қатысты жағдайына да байланысты. Климат мұхит немесе материктің ұлан-байтақ кеңістігі жақтан келетін ауа массаларының қасиеттеріне тәуелді.
Климат қалыптастырушы факторлар 4-ке бөлінеді.



1 Тапсырма:

Климаттық белдеулер - Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері.



Экваторлық белдеу-экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.
Тропиктік белдеу- солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30º ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонада орналасқан.
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық .
Қоңыржай белдеу- бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша ацқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді.
Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады.
Арктика белдеуі — Арктиканың солтүстік үлкен бөлігін қамтып жатқан жердің солтүстік географиялық белдеуі. Арктикалық белдеудің шекарасы әдетте Арктиканың материктік құрлығы мен аралдарындағы арктикалық шөл және тундра зоналары шекарасымен сәйкес келетін ең жылы айдың —5° изотермасы бойынша белгіленеді.
Антарктикалық белдеу - Антарктиданы (төңірегіндегі аралдарды қоса) және оны қоршап тұрған мұхит суларын қамтитын жердің қиыр оңтүстік географиялық белдеуі.
Оның шекарасын, әдетте, ең жылы айдың (қаңтардың немесе ақпанның) 5°С-тық изотермасы бойынша жүргізеді.
2 Тапсырма:
Ауа температурасы – ауаның жылыну деңгейі, ауа райы мен климаттың негізгі сипаты. Күн сәулелері – Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі. Осы күннен келетін сәулелер атмосфера қабатынан өте отырып, алдымен жер бетін қыздырады, содан кейін жылы ауа жоғары қарай таралады. Нәтижесінде биіктеген сайын ауа температурасы төмендей береді. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6˚С-ге төмендейді. Жер бетіндегі ауа температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Ауа температурасын өлшейтін құрал термометр деп аталады. Ауа температурасы бірқалыпты күйінде қалмайды, ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытта тура келеді.
Атмосфералық жауын-шашын- деп жер бетінде атмосферадан жаңбыр, сіркіреуік, қиыршық, қар, бұршак түрінде түсетін суды айтады. Жауын-шашын негізінен бұлттан түседі, бірақ бұлттардың бәрі бірдей жауын-шашын бере бермейді. Бұлттағы ұсақ су тамшылары мен майда мұз кристалдары өте кішкентай, оларды ауа оңай ұстап тұрады, тіпті әлсіз жоғары бағытталған ағындардың өзі де оларды көтеріп әкетеді. Жауын-шашын түзілу үшін бұлттың элементтері жоғары бағытталған ағындар мен ауаның тежеуін жеңетіндей болып іріленуі керек. Бүлттардың бір элементтерінің іріленуі екінші элементтерінің есебінен жүреді: біріншіден, ұсақ тамшылардың қосылуының және кристалдардың бірігуінің нәтижесінде, екіншіден, және бұл бастысы бұлттың бір элементтері буланып, диффузиялық тасымалдануының және су буларының екінші "элементтерге конденсациялануның нәтижесінде іріленеді.
Салыстырмалы ылғалдылық — белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы. Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет