ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042--29.1.12/03-2013
|
ПОӘК
«Әлем әдебиетінің тарихы» пәнінің жұмыс бағдарламасы
|
______2013 жылғы
№ 1басылым
|
5 В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығына арналған
« Әлем әдебиетінің тарихы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
СЕМЕЙ 2013
Кіріспе
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Иманжапар М.Т. – қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к.
_____________ «___» ___________20___ жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.
2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.
ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
4 «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ
ПОӘК 042-29.12.03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
114 беттің 3-ші беті
|
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы
5 Студенттің өздік жұмысы
6. Тест сұрақтар
ПОӘК 042-29.1.12.03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
114 беттің 4-ші беті
|
ГЛОССАРИИ
-
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары.
-
Ғылыми фантастика – фантастикалық әдебиеттің жетекші саласы.
-
Детективті әдебиет – шытырман оқиғалы, қылмысты ашудың егжей-тегжейін өзек ететін әдеби шығармалар.
-
Драма – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекет, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
-
Жанр – әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
-
Жаңашылдық және дәстүр – әдеби процеске тән жалғастықты, жазу шығармашылығында халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат-қасиеттердің бірлігін танытатын ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі-өрнектер, тәсілдер жатады.
-
Идея – әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы аңғарылады.
-
Новелла – көлем жағынан әңгімеге ұқсас прозалық шығарма, кейде, өлеңмен жазылады.
-
Ода – ежелгі Грецияда әр түрлі тақырыпқа арналып, музыкамен сүймелдеп, хормен айтылатын өлең түрі.
-
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
-
Романтизм – әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.
-
Реализм – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.
-
Тарихи шындық – өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.
2.Дәрістер
Дәрістің мақсаты: Романтизмнің шығармашылық әдіс ретінде Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінде қалыптасу кезеңдермен таныстыру.
Тірек сөздер: Романтизм, реализм, қияли шындық, азаматтық әуен.
ПОӘК 042-29.1.12.03-2013
|
№1 басылым 05.09.2013
|
114 беттің 6-шы беті
|
Дәрістің жоспары:
-
Романтизм – шығармашылық әдіс
-
Романтизмнің даму кезеңдері
-
Романтизм әдісіндегі шығармалардың басты идеясы
-
Романтикалық көркемдік жанрлардың дамуы
|