№53 жалпы білім беретін мектеп
Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары»
Дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жалимова А.Т.
2015 г.
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты.
Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді,мәдениетті,саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен,әдет-ғұрпымен,мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге,өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді.Пән бойынша өзекті тақырыбым «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» Пән бойынша басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.
Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Мұғалім қарапайым тілдік конструкцияның жаңа түрлерін күнделікті сабақта ойын жаттығулары түрінде біртіндеп қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын толықтырып отырады.
Сабақ барысында ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
оқушылардың оқу әрекеті ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Дайындық барысында мұғалім сабақта ойын элементін қолдану үшін мына мәселерді ескеруі тиіс.
Ойынның мақсаты. Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?
Ойынның қатысушылар саны.
Ойында қолданатын құралдар, әдебиеттер.
Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?
Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі, қызықты болады ма?
Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?
Ойын бұрын сабақта қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?
Ойын қорытындысын хабарлау.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі 3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі 4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер және мектеп жасына дейінгі бала бақша тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.
Дидактикалық ойындар бастауыш сыныпта маңызды әрі тиімді құрал болып саналады. Ойындар оқушылардың белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттырады. Ұсынылып отырған ойын түрлерін топтағы барлық немесе бірнеше топқа бөлінген оқушылармен ойнауға болады.
Дидактикалық ойын шарттары:
«Ауызша лото» ойыны
Оқушыларға суреті жауап болатын және келесі оқушыға сұрағы бар кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұраққа дұрыс жауап беру тиісті.
Мысалы: Қолғап менікі. Жейде кімдікі?
«Домино» ойыны
Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Бір кеспеде заттың суреті және басқа заттың атауы берілген, кеспелерді рет-ретімен қою керек.
Бұл ойынды кеспелерді көлденен не тігінен қойып ойнауға болады.
Мысалы:
3. «Пирамида» ойыны
Оқушыларға сөздер жазылған үшбұрышты кеспелер таратылады, сол кеспелер арқылы сөздің жұбын тауып, пирамида құрастырады.
Мысалы:
«Сұраққа жауап тап» ойыны.
Сөйлемдер жазылған кеспелер таратылады. Содан соң мұғалім немесе бір оқушы сұрақ қояды, осы сұраққа жауабы бар оқушы оқиды.
Мысалы: -Сенің атымң кім?
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Ойынды топпен немесе жекеше ойнауға болады. Топпен ойнағанда, мұғалім сөйлем оқиды, сөйлемнің мағынасы дұрыс болса оқушылар жасыл сигнал қағазын көрсетеді, ал бұрыс болса – қызыл.
Жекеше ойнағанда, әр оқушыға сөйлемдер жазылған парақтар таратылады. Сөйлем мағынасына сәйкес шеңберді жасылға не қызылға бояйды.
6. «Қарсыласыңды шеңберден шығар.» ойыны
Оқушылар екі-үш топқа бөлініп, шеңберге тұрады. Допты қазақша бір сөз айтып, қарсы топтың ойыншысына лақтырады, егер ол сөздің аудармасын дұрыс айтса, онда ойынды жалғастырады, айтпаса- шеңберден шығады. Ойын бір оқушы қалғанда аяқталады.
«Лабиринт» ойыны
Парақта берілген лабиринттен жаңылмай өту керек. Ол үшін оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тиісті.
«Әр әріпке бір сөз» ойыны
Оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздердің әр әрпіне басталатын сөз тауып жазу керек.
Ж
|
е
|
м
|
і
|
с
|
Ү
|
С
|
А
|
Р
|
ә
|
З
|
І
|
й
|
І
|
Б
|
І
|
к
|
|
М
|
І
|
м
|
|
|
Ш
|
З
|
|
|
|
І
|
|
|
|
|
к
|
| Мысалы :
«Жұбыңды тап» ойыны
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ оқушыларға парақтарға жазылған сөздер, ал екінші топқа сол сөздердің суреттері беріледі. Ойнаушылар жұбын табуға тиісті.
Мысалы:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.
(барлық пәндер бойынша)
2. Бастауыш мектеп Алматы,2003№9
Бастауыш сыныпта оқыту Алматы,2011№1
3. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар)Алматыкітап2010ж. Авторы: Ж.Қ.Балтабаева.
4. Ш. Әуелбаев, Қ. Қанабекова «Қазақ тілінен дидактикалық материалдар»-
Алматы – 1998 ж.
5. А.Е. Абильмажинова «Қазақ тілі» - учебное пособие для 1-2 классов начальной русской школы Алматы – 1995 г.
6. А.Т.Жалимова «Жұмыс дәптері» - 1 -2 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Ақтөбе – 2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |