8 Дәріс Көріністер Материалды үздік игеру нәтижесінде



бет1/5
Дата10.06.2020
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5

8 Дәріс Көріністер
Материалды үздік игеру нәтижесінде:

Сызбада кескіндерді: көріністерді, тіліктерді, қималарды салу тәсілдері мен әдістерін үйренуге, кескіндерді: көріністерді, тіліктерді, қималарды салу ережелерін қолдануға, КОМПАС графикалық жүйесінде штрихтау кескіндерін салуға мүмкіндік береді.

Сызбада кескіндерді: көріністерді, тіліктерді, қималарды салу тәсілдері машинажасау сызуы курсында қарастырылады. Машинажасау сызуы курсында осы бөлімді оқудың маңызды шарты стандарттарды (КҚБЖ –Конструкторлық құжаттардың біркелкі жүйесі) меңгеру.
Түрлер
Бұйымдар сызбалары тікбұрышты проекциялау тәсілі бойынша орындалады, бірақ олардың проекциялары жеңілдетіліп, шартты түрде орындалатындықтан оларды кескіндер деп атау қабылданған.

МЕСТ 2. 305-68 бойынша алты негізгі түр орнатылған. Бұл кескіндер объектіні проекция жазықтықтары болып табылатын текшенің ішкі қырларына проекциялау арқылы алынады.



Түр дегеніміз заттың бақылаушыға көрінетін бетінің кескіні. Түрлерде зат бетінің көрінбейтін бөліктері де кескінделуі рұқсат етілген. Негізгі проекция жазықтықтары ретінде, жоғарыда айтылғандай, текшенің алты қыры қабылданған. Затты ойша текшенің ішіне орналастырып, оның қырларына бақылаушыдан қырларға бағытталған сәуле жіберу арқылы проекциялайды. Текше қырларын лоарда орналастырылған кескіндермен бір жазықтыққа біріктіреді. Фронталь проекция жазықтығындағы кескін 1 сызбада басты ретінде қабылданады. Проекция жазықтықтарын біріктірген соң, кескіндер арасында проекциялық байланыс орнатылады.

Түрлердің атаулары: алдынан қараған көрініс-1 (бас көрініс), үстінен қараған көрініс-2, сол жағынан қараған көрініс-3, оң жағынан қараған көрініс-4, астынан қараған көрініс-5, артынан қараған көрініс-6.


Кей жағдайда қандай да бір түр сызбада басқа түрлермен проекциялық байланыста болмауы мүмкін. Бұл жағдайда оның үстіне «А» жазуы жазылады да, көзқарас бағыты көрсетіледі. Бағыттама үстінде түрдегі жазу қойылады. Бұл белгілердің ережелерін МЕСТ 2. 305-68 орнатады.





Бас көрініс (алдынан қараған көрініс) – зат пішіні жайлы толық ақпарат беретін кескін. Бас көріністі фронталь проекция жазықтығында орналастырады. Бас көріністі таңдауда тетікбөлшек пішіні, технологиялық үрдісте негізгі операцияны орындау барысында, оны дайындауда, құрастыруда орналасуы ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет