8 сынып бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «жылу қҰбылыстары» БӨлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата08.02.2022
өлшемі19,7 Kb.
#119391
Байланысты:
8 бжб распечатка
, podgotovka k monologu, 1336028199238

8 СЫНЫП БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Оқу мақсаттары :


8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
8.3.1.2 – температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау

I- нұсқа

  • Тест тапсырмалары:

1. Денені құрайтын бөлшектердің өздік әсерлесуінің потенциалдық энергиясының және олардың бейберекет жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысынан тұратын шаманы ... деп атайды.
a) Сыртқы энергия;
b) Меншікті энергия;
c) Меншіксіз энергия;
d) Ішкі энергия.
2. Дененің эшкі энергиясын қалай өзгертуге болады?
a) Механикалық жұмыс істеу және жылу алмасу арқылы;
b) Сәулелендіру арқылы;
c) Қайнату арқылы;
d) Жүйені тұйықтау арқылы.
3. Дене 25 ͦС температураны кельвин және фаренгейт шкаласына ауыстыр.
a)298 К, 13 ͦ F
b) 288 К, 13 ͦ F
c) 298 К, 16 ͦ F
d) 288 К, 16 ͦ F.



  • Массасы 200 кг таскөмір толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте. q=30106Дж/кг




  • ПӘК-і 60 пеште 500С-ғы 1 т шойынды балқыту үшін қанша таскөмір жағу керек? сш540 Дж/кг0С, qт=30106 Дж/кг, tб011500С.




  • Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сж380 Дж/кг0С.




  • Жалпы массасы 50 г, температурасы 136,40С қорғасын мен мырыш ұнтағы ішінде суы бар калориметрге салынды. Калориметрдегі судың температурасы 140С, ал массасы 100 г. Ұнтақ салынғаннан кейін ақырғы температурасы 17,750С болды. Калоиметрдің жылу сыйымдылығы С1с1m150,4Дж/0С болса, қоспада қанша қорғасын және қанша мырыш болған? сқ140 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.


II- нұсқа



  • Тест тапсырмалары:

1. Микроскоп арқылы түтін бөлшектеріне қарап Броундық қозғалысты көруімізге болады. Броундық қозғалыста түтін бөлшектері қалай қозғалады?.
a) барлығы бір бағытта;
b) ретсіз;
c) шеңбер бойымен;
d) белгілі нүкте маңайында тербеліс жасайды.
2. Дене 75 ͦ С температураны кельвин және фаренгейт шкаласына ауыстыр.
a) 358 К, 103 ͦ F;
b) 348 К, 103 ͦ F;;
c) 358 К, 113 ͦ F;;
d) 348 К, 113 ͦ F;.
3. Денеге жылу алмасу жолымен берілетін энергияны .... деп атайды.
a) Жылу сыйымдылық;
b) Жылу мөлшері;
c) Ішкі энергия;
d) Жұмыс.

  • Массасы 9 кг таскөмір толық жанғанда 2,7­108 Дж жылу бөлініп шығатын болса, таскөмірдің меншікті жану жылуы қандай?

  • ПӘК-і 30 пеште 1,2 т суды 100С-тан 500С-қа дейін қыздыру үшін жағуға қажетті таскөмірдің массасын есепте. с4200 Дж/кг0С, q=30106 Дж/кг.

  • Әрқайсысының массасы 20 г, температурасы 180С алюмийниден жасалған 150 қасықты жуу үшін ішінде 3 л ыстық суы бар ыдысқа салды. Қасықтардың бәрі лезде 480С-қа дейін ысыды. Осы уақыт ішінде су неше градусқа суыды? (t-?) с4200 Дж/кг0С, са880 Дж/кг0С.

  • Калориметр ішінде массасы 120 г жез ыдыста температурасы 220С 160 мл су бар. Осы суға массасы 85 г металл құймасынан жасалған 750С шар салынды. Осыдан кейін калориметрдегі температура 270С болды. Құйманың меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С, сж380 Дж/кг0С.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет