8. Топографиялық карта және оның қолданылуы. Топографиялық картаның мәні, оның қасиеті және қолдану. Топографиялық түсірілім және әртүрлі масштабқа арналған топографиялық картаны құрастыру



бет1/9
Дата19.07.2020
өлшемі38,37 Kb.
#75420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-14жалпы жертану


8.Топографиялық карта және оның қолданылуы. Топографиялық картаның мәні, оның қасиеті және қолдану. Топографиялық түсірілім және әртүрлі масштабқа арналған топографиялық картаны құрастыру. Топографиялық картаның элементтері: математикалық негізі, картографиялық бейнелеу.

Картографияны оқытуда ең негізгі болып табылатын саланың бірі топография. Топография – жер бетінің біршама шағын учаскілерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді. Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.

Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.

Топографиялық карталардың шартты белгілері мен шартты белгілерден және оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.

Шартты белгілер және олардың түрлі- түстері жердің әртүрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілер шартты белгілерді кескінділетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер мен толықтыралды.

Біркелкі объектілердің әртүрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда, бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі.

Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет