8. Топографиялық карта және оның қолданылуы. Топографиялық картаның мәні, оның қасиеті және қолдану. Топографиялық түсірілім және әртүрлі масштабқа арналған топографиялық картаны құрастыру



бет7/9
Дата19.07.2020
өлшемі38,37 Kb.
#75420
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-14жалпы жертану

11.Дүниежүзілік мұхит: жалпы сипаттамасы, құрылысы мен мұхит түбінің жер бедері, мұхит ағыстары, биоресурстар және дүниежүзілік мұхиттың экожүйелері, экологиялық жағдайы.

Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқты болып көрінеді — оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км², көлемі 1340,74 млн. км³, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды.

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады.

Мұхит ағыстары — мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы; мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі.

Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқып тұрады.

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көздері жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік те алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурасымен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүнежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көзін жеткізіп отыр.


12.Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуының ерекшеліктері, су балансы. Трансшекаралық өзендерінің мәселелері. Қазақстанның көлдері, жер асты сулары және мұздықтары, оларға сипаттама.

Су - құрлықтағы сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едауір мол.

Қазақстанның ішкі суларына өзендер, көлдер, жерасты сулары, бөгендер, каналдар және мұздықтар жатады. Қазақстанның ішкі сулары мемлекетіміздің материктің орталығында орналасуына, жер бедерінің алуан түрлілігіне, жауын-шашынның біркелкі түспеуіне, ауа температурасының жаз айларында жоғары болуына байланысты біркелкі таралмаған. Орманды дала, дала зоналарында ішкі сулар біршама көбірек кездесетін болса, шөлейт және шөл зоналарында өте аз. Өзен суларының қоректену көздерінің қоры аз. Басым түрде еріген қар суымен қоректенетін болғандықтан, көктемгі еріген қар суының есебінен су деңгейі көтерілгенімен жаздың ортасына жетпей кішігірім өзендері кеуіп қалады. Өзендер шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жиі орналасқан. Әрбір 100 км2жердегі өзендердің тығыздығы 8-15 км. Жауын-шашын аз түсетін оңтүстік-батыс және оңтүстік аудандарда олардың жиілігі 2 км-ге жетпейді. Сағасы теңіз немесе көлдерге жетпей кұмды шөлдерге барып сіңіп кететін өзендерде жеткілікті. Мысалға алатын болсақ, Қараөзен, Сарыөзен, Сағыз, Ойыл, Ырғыз, Торғай, Сарысу, Талас және т.б. Жазық жерлердің өзендерінің дамуы жалғасуда. Ағысы баяу, таяз және бүйірлік эрозия басым, жайылмасы кең. Ондай өзендер Шу, Сарысу, Нұра,Талас,Тобыл және т.б. Таулы өзендер керісінше жас өзендер. Ағысы қарқынды жылдам, табан эрозиясы дамыған, жайылмасы толық қалыптаспаған, арнасының бағытын өзгерту мүмкіншілігі жоғары. Өзендерге қарағанда салыстырмалы түрде көлдерге бай мемлекеттердің біріміз алайда көлдердің басым көпшілігінің ауданы 1 км2 жетпейтін көлдер. Көлдер көбінесе ылғал көбірек түсетін солтүстік аудандарда, оңтүстік шығыспен шығыстың тау алды жазықтарында, тауларында шоғырланған.

Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар [2, 108-110 б.].

Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті.

Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.

Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.

Қазақстан көлдерге бай. Мұнда Каспий, Арал теңіздері және көлемі жағынан дүние жүзінде он жетінші орын алатын Балқаш көлі сияқты ірі көлдер бар. Ауданы бір – екі мың шаршы км – ге жететін көлдер де аз емес.

Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.

Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бірқатар ерекшеліктер бар. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды. Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ – топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай – ақ аласа таулы Орталық Қазақстан және оңтүстік - шығыстағы биік таулы аймақтарды көп. Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.

Қазақстанның жер асты сулары — Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады.

Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).

Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады:

аңғарлық мұздықтар

беткейлік мұздықтар

денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда)

Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық '''Корженевский мұздығы''' – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұзындығы 11,7 км, ауданы 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет