№9 - Дәріс тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері
Оқу нәтижелері
Студент:Тақырып бойынша берілген түйінді ойлар мен кілт сөздерді талдайды
Дәріс жоспары:
1.Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.
2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.
3.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшіснің рөлі.
Дәріс тезистері
Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасы тәрбиесінін ізгіліктік және этнопедагогикалык аспектісі. Отбасының-кызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.
Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері. Педагогикалық үдерістің негізгі бағыттары. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері.
Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасынның оқушы тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруға ықпалы. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардың білім беруді басқаруға катысуы. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формалары.
Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшіснің рөлі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық және отбасылық тәрбие, отбасындағы педагогикалык үдеріс, ата-аналардың педагогикалық белсенділігі, ынтымақтастық түрлері, отбасы және мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы, отбасы құзыреттілігі.
Студенттердің талдау сұрақтары:
1. Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiнiң өзiндiк фун-циялары
2. Осы заманға педагогикадағы əлеуметтiк жұмыстардың теоремалық дамуы.
3. Қоғамдағы арнайы ұйымдастырылған əлеуметтiк жұмыстың мазмұны
4. Отбасы тəрбиесiнiң қоғамдық рөлi
5. Ата-ана тəрбиесiнiң мəнiн айқындайтын шарттар
6. Отбасы тəрбие ережелерiнiң мəнiн тұрмыстық тəжірибемен байланыстыр
7. Отбасын педагогикалық қолдау
Дәріс 9
Отбасы тəрбиесi – көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен жанұя мүшелерiнiң
тарапына жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Əлеуметтiк, отбасы жəне мектеп
тəрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тəрбиенiң мектеп
тəрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол
мəселенiң əлеуметтiк жағдайлары əлеуметтiк педагогиканың үлесiнде.
Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тəрбиеленiп жатқан адамның тəн-дене жəне рухани
дамуына əсер етушi ықпалдар мəнi мен мағынасының тереңдiгiне тəуелдi келедi. Бала үшiн
отбасы бiр жағынан - тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан - тəрбиелiк орта. Баланың алғашқы
өмiрi жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейiнгi жас кезеңдерiнде болатын
ықпал-дардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат
көзi де, қоғамдық ұйым-дар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл əдеп пен өнер
кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дəл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу
нəтижелiлiгi ең алдымен отбасыға тəуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тəрбиелiк
ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершiлiк, еңбектiк тəрбиесiнiң өнiмi де
жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тəуелдi:
жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нəти-жесiне болар отбасы тəрбиесiнiң күшi мен
қуатын мойын-дайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тəрбиелiк шараларын дұрыс
жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер
ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстiрт көзқарас, халықтық жəне ұлттық үрдiстердi естен шығару,
инабаттылық прин-циптерiнен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тəртiптiң
болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар
– бəрi де отбасыдағы бала тəрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, ''Азамат қалыптастырамын десең,
бесiгiңдi түзе''- деп ұлы ғұлама М. Əуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негiзi
қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк жəне əлеуметтiк бағыт-бағдар түзiледi. Отбасыда өз
ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проб-лемалар, есейген, ересек шақта
бiтiскен шырғалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда əңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар
жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тəрбиелiк əсерлердiң бəрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюмен ол əсер
бəсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бiр басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкiн болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында
ғана өрiсiн алады;
- отбасы тұлғаның əлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тəндiк, моральдық жəне еңбектiк
тəрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады. Қоғамның азамат
мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi;
- салт-дəстүр жалғастығын қамтамасыз ететiн отбасы;
- отбасының аса маңызды əлеуметтiк қызметтерi – азамат тəрбиелеу, патриот қалыптастыру,
болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру жəне мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты
пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру;
- отбасының кəсiп таңдауға да тигiзер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тəрбие жетiмсiздiгiнiң кейбiр
себептерi ретiнде келесi жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының əлсiздiгi.
2. Қоғамдық өмiр мəдениетiнiң төмендiгi.
3. Отбасы анасы - əйел мойнына артылған екiталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.
4. Көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық жəне моралдық себептердiң салдарынан болып жатқан ерлi-
зайыптылар-дың ажырасуы.
5. Бала тəрбиесiнде ер адам əйел көмекшiсi деген қоғамдық пiкiрдiң белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленiсiп бара жатқан əулеттер арасындағы бəсеке, дау-дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге əлсiреуi.
Отбасы дағдарысын ретке келтiру жəне оның тəрбие-лiк ықпалын көтеру бағытында қазiргi
заман педагогикасы қандай тиiмдi ұсыныстар беруi мүмкiн?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруi мүмкiн емес: тəрбиенiң
қоғамдық, эконо-микалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тəуелдiлiгi объективтi шындық.
Бəрiмiз де осы заңдылық-тардың құрсауындамыз. Барша үмiтiмiздi мұғалiмге артамыз, тəрбиелiк
жақсылықтарымызды оның жанпида-лығынан күтемiз. Жалған, алдамшы ой-пiкiрлерден арыла
бiлген шынайы ұстаздың өз iс-əрекетiн келесiдей жоспарға орайластырғанын жөн деп бiлер едiк:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Əмiршiл-əкiмшiл ықпал,
заң алдындағы жауапкершiлiк, қатаң талап не үркiте зорлаудың заманы өттi - алдыратын лыпасы
жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейiл мұғалiм жан дүниесiмен сəулеленген қайырымдылық,
мейiр, нақты көмек, ұстаздық жана-шырлық қана күйзелiске ұшыраған ата-аналар көңiлiне демеу
берiп, өз перзенттерiнiң жарқын болашағы үшiн күресте шаршап-шалдығудан азат етерi кəмiл;
- адамдардың рухани дүниесiн қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен
мұсылмандық тəрбие ошағы - мешiттердiң ықпалдарын бiрiктiру əрi осы ықпал-дарды
жалпыланған қызмет түрiнде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттердi гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен
үйлестiре отырып, қайырымдылық-тəрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берiлген қайырымдылық пен мейiрiмге
болған сенiмнен ажырап қалмау- əрбiр тəрбиешiнiң негiзгi ұстамы болғаны жөн.
Атам қазақ басынан талай ''ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның'' кешкен, солай
болса да ортасында жүрген дана тəрбиешiлерiнiң, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын
сақтап қалғаны баршаға аян.
Дүние ауыспалы ал педагогиканың мiндетi қоғам өзгерiстерiнiң iзiмен жалғаса, дамып бару. Əр
дəуiр ұрпақ-тары арасындағы тартыс, бəсеке мəңгiлiк, бiрақ олардың нақты кезеңдердегi шешiмi
əрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешiмдердi ата-аналар есiне салу отбасылық
драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыс-тарын тереңнен түсiнетiн педагогтың мiндетi.
Қаншалықты отбасы болса, тəрбие ерекшелiктерi де соншалықты мол. Алайда олардың
көптүрлiлiгiне қарамас-тан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезiгетiн қатынастардың
жалпылай моделiн ажырата тану мүмкiндiгi баршылық. Отбасындағы қатынастар түрi сол
қатынастар-дың қай бағытта, қай дəрежеде өсiртеуi мен балалар тəрбиесiне болған келеңсiз
ықпалдардың салдарына тəуелдi анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырқом, мейiрлi отбасы.
3. Күнделiктi дүниепараздыққа жүгiнген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Терiс əлеуметтiк бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесiмсiздiгi жайлаған отбасы.
7. Тұрпайы тəрбие əдiстерiмен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тəрбие мазмұны демократиялық қоғам-ның өзектi мүдде-мұраттарына
орайластырылады. Болашақтағы еңбектiк, қоғамдық, отбасылық өмiрге бейiм денi сау, психикалық
болымды, адамгершiлiктi, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы мiндетi. Жанұялық тəрбие
мазмұнының құрамды бiрлiктерi ежелден белгiлi бағыт-бағдарларды, тəн-дене, адамгершiлiк-
имандылық, сана-сезiм, эстетикалық, еңбек тəрбиесiн қамтиды, олар өз кезегiнде жас əулеттi
экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық бiлiмдендiру iстерiмен толығып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тəрбиесi салауатты өмiр болмысына негiзделiп, дұрыс
ұйымдастырылған күн тəртiбiн, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезiм тəрбиесi ата-аналардың өз балаларын бiлiмдермен байытып, соны
ақпараттарға деген тұрақты қажетсiнуiн қалыптастырып, оларды үздiксiз жаңалап бару
ұмтылыстарын баулуға негiзделедi. Таным-дық қызықсыну, қабiлет, бейiмдiлiктер мен
нышандарды дамытып бару бала тəрбиесiндегi ата-аналардың аса өзектi шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершiлiк-имандылық тəрбиесi тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың
бұлжымас төркiнi. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мəселе мəңгiлiктi өзгермес адамзаттық
мораль құндылықтары – сүйiспеншiлiк, құрмет пен сыйластық, əдiлдiк пен ар-намыс, қадiр-қасиет
пен борыш сезiмдерiн тəрбиелеу. Адамгершiлiк сапа, қасиеттердiң басқа да түрлерi: парасатты
қажетсiну, тəртiптiлiк, жауапкершiлiк, дербестiк пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.
4. Отбасыдағы эстетикалық тəрбие балалардың таланты мен дарынын дамытуға бағытталып,
өмiр болмысы əсемдiктерi жөнiнде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тəрбиесi балалардың болашақтағы адал өмiрiнiң негiзiн қалайды.
Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есiл-дертi ''жеңiлдiң
астымен, ауырдың үстiмен'' жүрiп, шалқып өмiр сүру. Ал мұндай еңбексiз ''күнде той'' өмiрдiң
жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дəлелдеп отыр.
Ата-аналар мiндетiндегi отбасылық тəрбие – балалар-дың тəн-дене жəне рухани
сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты iстерге негiзделген үздiксiз жетiлiп
барушы процесс.
Əрбiр əке мен кез келген ана өз перзентiне бола-шақта қай сапа-қасиеттердi баулу
керектiгiн жете бiлгенi жөн. Отбасылық тəрбиенiң саналылық сипаты мен тəрбие-лiк мiндеттердi
парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.
Отбасындағы тəрбие əдiстерi – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен əрекет-
қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бəрi
де тəрбиенiң жалпы əдiстерiмен теңдейлес, дегенмен өз ерекшелiктерiне ие. Олар:
- əр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты əрекет-қылығы мен ақыл-парасатына
икемделуiнен даралықты келедi;
- тəрбие əдiстерiн таңдау ата-аналардың педагогикалық мəдениетiне орайлас келiп, олардың
тəрбие мақсатын тануына, өз қадiр-қасиетiне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында
орнатқан қарым-қатынасына т.б. тəуелдi.
Осыдан да отбасылық тəрбие əдiстерi ата-аналардың тұлғалық сəн-сипатымен қайнай
бiтiскен жəне олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкiн емес. Қаншама ата-ана болса,
əдiстерi түрi де соншалықты: жылы сөзбен көндiру, қорқыту, айқайлап үркiту, мақтау мен
мадақтау, қаталдық құрсауына салу жəне жазалау. Əдiстер ата-аналар таңдаған тəрбиелiк
бағыт-бағдарға тəуелдi келедi: бiреулерi өз баласының тiл алғыштығын тəрбиелегiсi келедi,
осыдан олардың əдiсi ересектер талабын мүлтiксiз орындатуға бағдарланады. Екiншi бiреулерi
дербес, өз бетiнше ойлай бiлуге негiз болар тұлғалық қасиеттердi орнықтыруды көздеп, осыған
сəйкес əдiстiк жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тəрбие арасында ата-аналар баршаға бiрдей ортақ жалпыланған əдiстердi
пайдалану үрдiске айналған. Мұндай əдiстер түрi келесiдей топтастырылған: сендiру (мақтау,
мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүдденi түсiндiру арқылы); жазалау (қандай да
көңiл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар
кеңесi мен тəрбиелiк жағдайлар əдейi жасалып қолданылады.
Отбасындағы тəрбиелiк мiндеттердi атқарудың құралдары да əртүрлi. Олар арасында кең
қолданым-дағылар: сөз, ауыз əдебиетi, ата-ана беделi, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық
салт-дəстүрлер, қоғамдық пiкiр, жанұядағы рухани жəне материалдық болмыс, ақпарат көздерi
(газет, журнал, радио, теледидар), күн тəртiбi, көркем əдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойын-
дар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рəмiздер, ерекше белгiлер
(атрибут), қастерлi заттар, бұйымдар ж.т.б.
Ата-аналар тəрбиесi əдiстерiн iрiктеу мен қолдануда келесiдей жалпы шарттар ескерiлуi
тиiс:
1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
2. Ата-аналардың жеке тəрбиесi мен беделi, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
3. Егер ата-аналардың тəрбиелiк iстерiнiң бағыты бiрлiктi келсе, iс-əрекеттер əдiстерi басым
келедi.
4. Ата-аналардың педагогикалық мəдениетi, осыдан педагогиканы меңгеру, тəрбиелiк
ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттiкке айналады.
3. Отбасылық тəрбие ережелерi
Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тəрбиелеу жолында орасан көп
бақылаулар нəтижесiн жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негiзiнде аса маңызды тұжырымдар
жасалып, олар отбасыдағы балаларды тəрбие-леудiң жалпы заңдылықтары ретiнде белгiлi
жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бəрi ғылыми заңдылық байланыс белгiлерiне
ие болмаса да, өз дəрежесi бойынша алғашқы тұрмыстық деректi пайымдар мен қарапайым
көзқарас пiкiрлерден жоғары келедi. Олардың бəрiнiң төркiн мəнi - ата-аналарға кеңес,
отбасылық тəрбие ережелерi.
Ата-аналар өз тəрбиелiк əрекеттерiн осы ережелер тұрғысынан салыстыра бағалап
барады, сонымен бiрге ережелер педагогтар үшiн, əсiресе егде ата-аналарға өнiмдi де негiздi
кеңестер берiп отыруға қажеттi.
Жалпы адамзаттық мəдениеттiң бiрегейлiгi мен тұрақтылығын ескеретiн болсақ, балалар
ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша алшақтамайды. Егер əке мен шеше
екеуiнiң болымды да болымсыз барша қажеттерi мен сапаларының қосындысын тең ортадан
бөлетiн болсақ, олардың жұптастығынан болған баланың бiршама дəл бейнесiн алуға мүмкiн
екендiгiн ғылым дəлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың бiз үшiн аса күрделi мəселе
туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тəрбиесiне байланысты
көкейтестi проб-лемалар түбегейлi шешiмiн таппауынан қате кемшiлiктер бiтер емес, бiтпейдi де.
Отбасы тəрбиесiнiң тиiмдiлiгiн көтеруге кедергi болар жəйттер қандай?
Бiрiншiден, нəсiлдiк. Егер ата-аналардың өздерi балалық шағында қандай да жүйке,
тəндiк, сана-сезiмдiк проблемаларға кезiккен болса, олардың өз ұрпақтарында да
қайталанатынына дайын болып, тумадан көрiнетiн дерттердiң алдын алғаны жөн. Екiншiден,
өзгерiске түсiп, үздiксiз күрделенiп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, əлбетте,
мұндай жəйттердiң жүз беруi, бермеуi əрi соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-
аналардың өздерiне тəуелдi. Үүшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тəрбие
мəдениетi. Əрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетiмсiз педагогика-лық мəдениетiн ғана кiнəлəп
қоймай, халықтық тəлiм-тəрбие үрдiстерiнен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы
тəрбие салт-дəстүрлерiнiң келеңсiз бағытта белең алып жатқанын ескерiп барған жөн.
Аталған жəне басқа да сан қилы əлеуметтiк-қоғам-дық себептер негiзiнде ата-аналар
ықпалы мен бала тəрбиесiнiң сапасы арасында мың сан тəуелдi байланыстар өрбитiнi белгiлi.
Солардың арасынан аса көзге түсер, маңызды болған жəйттерге талдау берiп, жəне олар бойын-
ша жасалатын тұжырымдарға орай ата-аналар мен педагогтарға қажеттi кеңес ұсыныстарды алға
тартқан жөн болар.
Отбасы проблемаларымен шұғылданушы əлеуметтiк педагогика тəрбиеге байланысты аса
нəзiк те тереңдей жайлаған тəуелдiлiктердi байқастырып, оларды қазiргi заман балаларын
қоғамдық оңды үрдiстерге икемдестiре тəрбиелеу сапасын көтеру үшiн пайдалануды ұсынады.
Олар арасында елеулi маңызды болғандары: 1. Баланы қоршаған
жақын орта басымдылығы (приоритет). өмiр дəлелдегенiндей, адамдардың бiр-бiрiне ықпал
жасау дəрежесi олар арасындағы жақындыққа тiкелей де тура байланысты. Жақын-жуықтар
шеңберiндегi қатынастардан туындайтын талап, шектеулер жалпы қоғамды қоса, бiзден аулақ
болған қауымдастықтар мен əлеуметтiк топтардан болатын ықпалдардан гөрi салмақты да
əсерлiлеу. Осыдан да баланың болашақ сəттi өмiрiн қамтамасыз етуде отбасының рөлi орасан.
2. Мейiр мен сүйiспеншiлiк баланы билеудiң басты құралы. ''Əркiм сүйгенiнiң құлы'' деп
атам қазақ бекер айтпаған. Балаңызды тəрбиелi көргiңiз келсе, оны аталық мейiрiм мен аналық
махаббатқа бөлеңiз. Сонда ___________əке, шеше тарапынан қолданылатын басқа ықпалдардың қажетi
болмай қалады.
3. Бала тəрбиесiнде ұлы ғұлама В. Гете даналығынан бiрер сөздi ереже ретiнде
қабылдаған көп болмас: ''Егер бiз адамдарды сол күйiнде қабылдайтын болсақ онда, оларды
тəрбиеден алыстатқанымыз. Ал, егер бiз оларды болашақтағы өзiмiз арман еткен тұлға ретiнде
қабылдасақ, олардың бойындағы табиғаттан дарыған жақсылық-тарының жүз беруiне, содан
азаматтық кемелге жетуiне көмектескенiмiз''.
4. Ата-аналар өзiмшiлдiгiне (эгоизм) негiз болар ''мүдделi күтiм'' (востребованное
ожидание): адам пендеге кейде тəн болатын қасиет - өз қалауымызды ғана қалай-тынымыз, осы
қалаудан қандай да ауытқу болса, оған деген қызығушылық өрiстей даму орнына, керiсiнше,
құрдымға кетедi. Ал мұндай өзгерiс, сiз қанша тырыс-қаныңызбен балаңыздың даму барысында
көрiнiп жобалаған жоспарыңыз ақталмай жатады. Тəрбие барысында күткен мүддеңiз
орындалмай, сiз қиналасыз, атасы мен анасы күткенiндей бола алмағанын балаңыз күйзеледi.
Нəтижеде жалпы отбасыдағы тəрбие дағдарысқа ұшырайды.
5. Балаға қаратылған ниеттi өтiнiш əсерiн күшейте түсу жолын қарастыру – ата-ана
қалауынан ауытқу ықтималын кемiтедi. Бұл үшiн өз қалауыңызды əдейi керiсiнше талаппен
ауыстырыңыз (инверсия). Мысалы, айтқанды қылмай жүрген баланы ұйықтатқыңыз келсе, қандай
да сылтау тауып, көзiн жұмдырмаңыз; бетi қолын жуып-шайып жүретiн еткiңiз келсе, суға
жақындатпай көрiңiз, сонда баяғыдан сiздi қинап келе жатқан керi өжеттiк сiздiң қалауыңызға
қызмет ете бастайды; яғни өз ''менiң'' көрсетуге табиғатынан құштар бала ал, ''ұйық-тағаным
ұйықтаған'', ''жуғаным жуған'' деумен өзi бұрын қаламайтын əрекетiн ендi сезбестен орындаумен
болады.
6. Отбасылық тəрбиеде дағдарысқа кезiктiру тəсiлiн қолданудың пайдалы тарапы бар.
Бала үшiн қатерлi, түсiнiксiз, немен аяқталары белгiсiз жағдайларды əдейi ұйымдастырып, содан
баланы өзiнше жол тауып шығуға мəжбүрлеу қажет. Əлбетте, мұндайда ата-ана баласының
қандай да қатерге ұрынып қалмауын аңдып, оның əрекеттерiне байқатпай реттеу-түзетулер берiп
барады. Осындайда қажеттi бейiмдiлiктердi алған бала, болашақ өмiрiндегi қай дағдарысқа да
дайын болып өседi.
7. Балаға үйретiп жатқанын өзi орындай алған мұғалiм - ұлағатты ұстаз.
8. Баламен араласа жүргiзiлетiн жұмыста ''үзiлдi үнсiздiктен'' сақтаныңыз.
9. ''Бiр жөндi қаталдықта ұстау''. Алдын ала көзделген құлық-əрекет қалпы шеңберiнде
өскен баланың бола-шақта кiм əрi не болары күнi iлгерi түсiнiктi келiп, қатер туғызбайды.
10. Бала тəрбиесiнде ұсақ-түйек болмайды. Iрi жетiстiктердi бала болмысындағы майда-
шүйде қажет сапаларды бiрiктiре қалыптастырудан бастаңыз.
11. Педагогтар мен ата-аналар өздерiнiң бұрыннан қалыптасқан қатынастар
тəуелдiлiгнде қалып қоятынын ұмытпағаны жөн. Кейде ата-аналар оқиғаны қабылдауды
оқиғаның өз мəнiнен шығармай, сол оқиғаға болған бұрынғы қатынасын тəуелдi болып қалады,
яғни бала қылығын өткен бiр уақытта жек көргенiмiзден, бұдан былайғы да қылықтарын оңды
қабылдамаймыз. Мысалы, сағат кешкi 20-дан соң баланың кешiгiп келуiн жаман əдет деп
қабылдауымыздан, бұдан былайғы кешiк-кендерiнiң бəрiн, қандай себептер табуына қарамастан
терiс бағалаймыз.
12. Əр бастауыңыз жаңалықты болсын. Кешегiңiздi қайталамауға тырысыңыз. Табиғаттан
үлгi алыңыз: ағаш-тан үзiлген миуа өз орнына қайта iлiнбес. Балаңызға болған кешегi ықпал
бүгiн сол күйiнде оған əсер ете алмайды.
13. ''Қызықсыну екпiнiне'' арқа сүйей отырып, балаға əр iс басында жеңiлдiк берiңiз.
Содан соң бiрте-бiрте талапты күшейтумен, ақырында алғашқы талап формасын өзгертiңiз. Iс
бастауындағы ''қуаныш сезiмi'' тұрақты бекiп, сол сезiм кейiн де балаға қолдау-қуат көзiне
айналады.
14. Бала тəрбиесiндегi көптеген кемшiлiктер негiзi бiр ___________себептi - бiр топқа бiрiктiрiлген ''ұсақ-
түйектер'' санының үлғайып кетуi. Осындай жинақталып келген ''ұсақ-түйектер'' адамның өз
болмысын анықтамай, сырттай ''бет əлпетiн'' айқындайтыны бар. Мұғалiм санасында қалыптасқан
оқушы бейнесi ''жалпыланған'' күйде болып, нақты тəрбиелiк ықпалға үйлеспей қалады.
Сондықтан да əрбiр отбасы өз перзентiнiң дарындылық тарапын баса айтып, мұғалiмдерден
баланың ұнамды тараптарына ыңғайласа жұмыс жүргiзуiн талап еткенi жөн.
15. Мүмкiндiгi болса, үйде баланың оқу жұмыс-тарын орындайтын дөңгелек формалы
стол пайдаланыңыз. Дөңгелек стол төңiрегiндегi адамдардың əрқашан ерiксiз қайрымды
болатыны ғылымда дəлелденген.
16. Ата-ана əлпешi мен оның ғажайып ұнамды ықпалға ие болатыны баршаға аян. Осы
киелi ықпалды жалықпай пайдалануға күш салыңыз.
17. Отбасыда өшпендiлiкке бiрде-бiр орын қалмауы тиiс. ''өшпендiлiк жолын қалаған
адам екi табыт арқалайды, бiрi - өзiнiкi'' (О. Уайльд). Бала қылығына егесiп, оны қандайда
жақсылықтан айырған əке мен шеше оған өшпендiлiк жасағаны. Мұндай жағдайда балаға ық-
палды қатынасыңызды ашу-ызаға бұрмай, экономикалық жолмен шешкенiңiз дұрыс: iстемеген
екенсiң - еш нəрсе алмайсың, ештеңе саған берiлмейдi.
18. Еш бiр пендеге де өз өмiрiн қате, кемшiлiксiз, ''басын жарға ұрмай'' жүрiп өту
бұйырмаған. өмiр күрде-лiлiгi мен таңданарлығы да осынысында. Көбiрек өмiр тұрмысы жайында
баламен сұхбаттасыңыз. Құрғақ уағыз-дан гөрi балаңызға үлгi-өнеге көрсетiңiз, өз тəжiрибеңiздi
əңгiмелеңiз, отбасылық, бабалар тарихын қозғаңыз, өсиет, хадис сөздерiн пайдаланыңыз.
19. Бос əрекеттен қашыңыз, адами намысын оятып, баланы өз бойында мақтаныш
көздерiн табуға үйретiңiз. өз қадiр-қауметiн сезiп, бағалай бiлген адам қандай қиыншылық кезiксе
де ұяттан үстем болуға, ел көзiнде аяқ асты болмауға тырысады, бар күшiн салып бағады.
20. Əр қандай жүйе тұрақты да берiк болуы үшiн оны уақытылы-уақытымен ''сiлкiлеп''
тұрған жөн. өз бала-ларың бен шəкiрттерiңiздi осылайша берiк, белсендiлiк тексерiсiне салып
тұрсаңыз, тəрбиелiк iсiңiздiң қанша-лықты жемiстi болғанына не боларына көзiңiз жетедi.
21. Алдымен көздеген əрбiр iсiңiздi ой сарабынан өткiзудi ұмытпаңыз, əрекет кейiн бола
бередi.
22. Баланың қандай да келеңсiз iстелген əрекетiне қатынасыңыздың алғашқыда сезiмдiк
(эмоционалды) болатынын, ол екiншi əрекетiңiз – насихат айту көңiл шарпуыңызбен бiрге жүредi.
Осы байланысты өз мүддеңiзге бiрлiктi қолдана бiлiңiз.
23. Ғылым дəлелдегенiндей, уақыт қорының 20 пайыздық алғашқы мезетiнде көздеген
нəтиженiң 80 пайызы қолға тиедi, ал қалған 80 пайыз уақытында 20 пайыз нəтиже орындалады.
Сондықтан ''қуалай'' тəрбие-леудi үрдiс етпеңiз, пайдасы шамалы.
24. Бiркелкiлiк пен бiрiздiлiк – тəрбиедегi маңызды принциптер.
25. Балалардың ересектермен қатынасында теңдiк болмайды, бұлар арасындағы қатынас
тəуелдiлiк пен бағыныштылыққа негiзделген. Мұндай теңсiздiк арадағы көңiл жақындығы не
алшақтығымен өлшенедi. Балаларға қойылатын шектеулер осы қатынасқа тəуелдi. Бала-
ларыңызбен қатынастың қандай да қаншалықты болары - өз шешiмiңiзге орайлас.
26. Басқалар көзiнше берiлген ескертудi бала əрдайым жазғыру, кiнə қою ретiнде
қабылдайтыны белгiлi. Балалар-мен тiлдесудi мұны ешқандай ұмытуға болмайды.
27. Талаптар əрқашан əдiл де анық қойылып, нақты орындалуы тиiс. өз педагогикалық
талаптырыңызды орынсыз, қажетсiз түсiндiрме, құрғақ сөздi, екi ұшты насихаттармен
күрделендiрмеңiз.
28. Тiл алмайтын балаларды күтiлмеген, ''тосын жағдайға'' салып тəрбиелеңiз.
29. Балаға болған қадағалау неғұрлым жақын болса, оның арқасында орындалатын
бағындыру қызметi тиiмiдiлеу келедi. өз қалауыңызға орайластыра қадағалау дəрежесiн белгiлеп
алыңыз.
30. өзiңiз таңдаған тəрбие ықпалы нəтиже бермей жатса, əрекетiңiздiң бағдарын шұғыл
өзгерткенiңiз жөн.
31. Балалар саналы парасаттылықтан гөрi тұрақтылықты сезiнгiш. өте дұрыс, бiрақ ''бiр
мезеттiк'' ықпалға қарағанда, оншама ойланылмаған, бiрақ ұзаққа созылған əсер пайдалылау
келедi.
32. Тар шеңбердегi адамдармен болған қатынас өзара, қызығушылықты кемiтедi. Егер
мұндай байланысты кемiте алмайтыныңызға көзiңiз жетсе, ата-аналар назарын, мiндетiн өзiңiзге
аударудың жолын қарастырыңыз. Сонда əке мен шеше мiндетi қандай да уақытқа ауысып –
балалар сiзден тартынатын болады.
33. Əр адамның өз келеңсiз тəжiрибесiнiң күшi əсерлiлеу келедi, яғни ''балық басын
жарға ұрмай қайт-пайды''. Сөзбен қайталай үйрете бергенше, кейде балаға ыстық үтiкке қолын
басып күйдiруге, мұрнын қанатуға, тiзесiн жарақаттап алуға ''рұқсат'' бергеннiң кемiстiгi болмайды.
Айтылғандардың бəрi – отбасылық тəрбиеде қажет болар тəуелдiлiктердiң шет-шеңберi
ғана. өз тəжiрибе, қорытуларыңызбен бұларды толықтырып бару ата-аналар мен педагогтар
тəрбиесiнiң ықпалын көтерудiң мiндеттерi де қажеттi шарттары.
4. Отбасына педагогикалық қолдау беру
Мөлтек ауданындағы отбасы мен қоғамдық тəрбие iстерiн ұйымдастырудағы жетекшiлiк
мектепке жүктелген. Тəрбиелiк ықпал көздерiн орайластыруда бүгiнде ол өз жұмыстарын
қайта қарастырып, өткен дəуiрлердегi ата-аналар мен қоғамдық мекемелер арасында
қалыптасқан бiр тарапты формальды iстерден бас тартып, педагогикалық ағарту –
сауаттандырудың гуманистiк бағдарына өткенi қажет.
Балаларды тəрбиелеуге байланысты осы заман тəжiрибесiнде мектеп, отбасы жəне
қоғамдық iс-əрекет-тердi бiрлестiре орындаудың келесiдей ұйымдастыру формалары
қабылданған:
1. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитетi, жер- жердегi қоғамдық кеңестер, клубтар,
кiтапханалар, стадиондар, тəртiп сақтау жəне денсаулық мекемелерiнiң жоспарларын бiрiктiре
түзу, сонымен тəрбие процесiне қатысушылардың нақты мiндеттерiн айқын бөлiстiрiп беру.
2. Мектеп күшiмен ата-аналар жəне қоғам өкiлдерiн балалармен жұмыс жүргiзудiң тиiмдi
тəсiлдерiмен таныс-тырып, жүйелi оқыту.
3. Тəрбие жұмыстарының барысын тыңғылықты зерттей отырып, олардың нəтижесiн бiрлiктi
талдауға салу, сонымен кезiккен кемшiлiктердiң алдын алып, оларды болдырмауға бiрлiктi ат
салысу.
Достарыңызбен бөлісу: |