МО жылдық жоспар 2020-2021



Дата02.11.2020
өлшемі25,27 Kb.
#90520
Байланысты:
МО жылдық жоспар 2020-2021
МО ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР

Бірлестіктің жұмыс тақырыбы:

Оқушы мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттыра отырып, дарынды тұлғаны дамыту.Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру.Оқушылардың шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіріп дамытуда тиісті әдістемелік көмек беру.




Мақсаты:

Оқушыларды өз халқының өнері мен мәдениетін, әсемдікті, әдемілікті сезінуге халық мұрасынан эстетикалық ләззат алуға үйрете отырып, шығармашылыққа баулу.Отанға деген патриоттық сезімдерін дамыту.Әр түрлі спорт түрлеріне қызығушылықтарын ояту.


Міндеттері:

  • оқушылардың эстетикалық дамуына ықпал жасау;

  • оқушыны қолөнерге машықтандыру, іске икемділігін, шеберлік дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыны шығармашылықпен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • оқушының белгілі көзқарасын, адамгершілігін, мінез-құлқын және таным қабілетін, басқа да жеке қасиеттерін дамыту;

  • әр оқушының оқу үрдісінде белсенді және ұйымдастырушы- бастамашылдық қабілетін ояту.

  • әр оқушының білім деңгейін көтеруге шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген диагностика жүйесін жетілдіру;

  • дарынды оқушыларды педагогикалық–психалогиялық сүйемелдеу , қолдау жұмыстарын жүргізу арқылы «Дарынды оқушының моделіне » сай тұлғаны қалыптастыру.

Өзекті мәселелер:

  • оқушыларды еңбекке оқыту үрдісінде ғылыми тұрғыда ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру;

  • білім мен тәжірибені бірге пайдалана отырып, оқушы санасына ғылыми тұрғыда жеткізу;

  • сабақ барысында басты және қосалқы мақсаттарды айқындау,оған жету үшін барлық күш жігерін жұмсай білу;

  • эстетикалық талғамды, көпшілік ортасындағы мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу;

  • дарынды және талантты оқушылардың қабілеттілігін тани, біле отырып, шығармашылық жұмыспен ұштастыру.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет