А. Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде»


Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу. Дамытушылық



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі0,98 Mb.
#23771
1   2   3   4   5   6

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.

Дамытушылық: сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Көрнекілігі: Интератив тақта, слайдтар, компьютер

Сабақ жоспары:

  1. Қайталау- оқу анасы.

  2. Кім жылдам.

  3. Білсең де тексер.

  4. Қызықты сұрақтар.

  5. Іздеген жетер мұратқа жүрісі.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

  2. Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру

  3. Қойылған сұрақтар ұпай санымен бағаланады.



  1. Бөлім. «Қайталау- оқу анасы.»

1-топқа. Алгоритм және оның қасиеттері. Кескінделу түрлері.

2-топқа. Арифметикалық амалдар, шамалардың түрлері. Бағдарламаның жалпы түрі және компьютерде орындалуы.

3-топқа. Алгоритмнің түрлері

  1. Бөлім. «Кім жылдам.»

Әр топқа бір сапалық және бір сандық есеп беріледі. Оқушылар дәптерлеріне шығара бастайды. Дұрыс және бірінші шығарылған есеп бағаланады.

1-топқа.

1. Есеп шығару тәсілдері?

2. Факториялды есептеу алгоритмі мен бағдарламасын құрыңыз?

2-топқа

1. Деректердің құрылымдық типтері?

2. Масасы 10гр дене 2 км/с2 үдеумен қозғалғанда әсер етуші күш неге тең? Блок-схемасын және Паскаль тілінде бағдарламасын құрыңыз?

3-топқа

1. Кестелік шамалармен жұмыс жасайтын шамалар?

2. Айдың номерін немесе бастапқы әріпін жазғанда ыл мезгілдері шығатындай етіп бағдарлама құрыңыз?


  1. Бөлім. «Білсең де тексер»

Әр топтан тапсырманы орындауға әр топтан бір оқушы шығарылады. Қате бағдарламалар жазылып қойылады, қатесін тауып жазу керек.

IV. Бөлім. «Қызықты сұрақтар»

1-топқа.

Мектеп бітіру кешіне Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк. Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Баянның барлық аталған түсті көйлегі бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.

.

2-топқа

Үмбет, Болат, Ержан үшеуі дос. Олардың біреуі-наубайханашы, бірі-такси жүргізуші, бірі- өрт сөндіруші. Бірнеше дерек: Үмбет пен Болат әр кеште шахмат ойнайды. Болат пен Ержан бірге волейбол ойнауға бірге барады. Такси жүргізуші-метал ақша, өрт сөндіруші -қалайы солдаттарды, ал наубайханашы-марка жинайды. Ержан ешқашан маркаға қызыққан емес. Такси жүргізуші ешқашан волейболға бармаған.

Олардың мамандығын анықтаңдар.

3-топқа

Мына сандарды тиімді тәсіл - мен есептеп мәнін жаз.

1+2+3+4+5+6+7+8+9=

.

V. Бөлім. «Іздеген жетер мұратқа»

Әр топқа Берілген тақырыптар бойынша қорытындылау.

Топқа бөлініп, жарыса жұмыс істеген оқуышлар сабақты жақсы меңгереді. Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайларын есптпеу арқылы оқушыларды бағалап, қорытындыланады.



Сабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.

Сабақ көрнекілігі: карточкалар, тақта, т.б.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1). Сәлемдесу.

2). Келмеген оқушыларды белгілеу.

3). Оқушыларға сабақтың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды «Жүйе», «Файл» атты 2 топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.



Мұғалімдерді шақырып немесе оқушылардың өз іштерінен әділ қазылар алқасын тағайындау.

III. Сайысты өткізу.



Тақтада:

«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле».

Жүсіп Баласағұн

1-тур

«Сұрақ – жауап»

Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.

Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады.

1-сұрақтар тобы:

  1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)

  2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)

  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  5. Дүниежүзілік желі? (интернет)

  6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

  7. зиянкес программа? (вирус)

  8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)

  9. компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)

  10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

  11. Объектілер қоймасы? (қапшық)

  12. Латынның «information» сөзі нені білдіреді?

  13. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)

  14. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)

  15. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

  16. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)

17. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

18. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)



2- сұрақтар тобы:

  1. Компьютердің миы. (Процессор).

  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

  6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

  7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

  8. Баспа құралы. (Принтер)

  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

  10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

11. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).

12. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)

13. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)

14. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)

15. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)

16. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

17. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)

18. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).



2- тур.

«Формулалар әлемінде»

Тақтаға әр командадан бір оқушы шығып,карточкаларды таңдап алып, ондағы берілген формуланы бағдарламалау тілінде жазу керек:



sin4 + sin3 + sin4





3-тур.

«Капитандар сайысы»

Әр команданың капитандары тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп.

Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.

Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп.

Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?



4-тур

«Жұмбақ шешейік»

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.

1-жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?

2-жұмбақ

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.

3-жұмбақ


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Ақпаратты қағазға басып шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады.

4-жұмбақ

Бұтақ орнында мың бір инесі бар,

Компьютер жанын мекендейді.

5-жұмбақ


Қарындаштың шимайын,

Тез өшіріп жояды.

6-жұмбақ

Саймандарда тұрағы,

Сурет салу құралы.

Суретіңді салады,

Өшірсең кетіп қалады.

7-жұмбақ


Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың.

8-жұмбақ

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

9-жұмбақ


Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

10-жұмбақ

Алаңқайда тұрақты

107 перне тұрады.

Әріптен де, цифрдан да,

Іздегенің табылады.

Әр пернені басқан сайын,

Ойлағаның жазылады.

11-жұмбақ

Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады.

12-жұмбақ

Шыр-шыр етеді

Ұстап қалсаң сөйлеп кетеді

Сайыс «Күлдіргі жұмбақ есеп шешу»


  1. Самолет А дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?

  2. Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса ше?

  3. Информатик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Информатик қай шеберге барады?

  4. Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деп кетті. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?

  5. 50-ді ½- ге бөліп 3-ке қоссаңдар, нәтижесінде қанша шығады?

IV. Қорытынды.

Әділ қазылар алқасына сөз беріп қай команданың жеңгенін, соның ішінде қандай оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын және соған сай әр оқушыға қойылған бағаларды есту және оларды журналға қою.

Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығына саяхат»

сайыс сабағы



Сабақтың мақсаты:

білімділік: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар графикалық редактор Paint-та алған білімдерін, тапсырмаларды орындау барысында тиімді пайдалану.

дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, көзқарасын дамыту.

тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың жүрісі:

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Сабақ «Paint» және «Word Pad» топтарының арасында сайыс түрінде өтеді. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитта жүзе отырып «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.

Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Кеменің жүзу маршруты:

І «Қиын сұрақтар» аралы.

ІІ «Ертегілер» аралы.

ІІІ «Көркем сурет» аралы.

ІV «Сиқырлы пернелер» аралы.

V «Ғажайып қалам» аралы.

І «Қиын сұрақтар» аралы

Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, алға жылжып отырады.



  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолдарын ата

  2. Кірістіру нүктесі, меңзер дегеніміз не?

  3. Мәтінді теру және түзету ережелерін ата?

  4. Қаріпті, өлшемді бір уақытта өзгерту әрекеті?

  5. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?

  6. Қағаз бетінің өлшемін таңдау әрекеті? Құжатты баспаға шығару әрекеті?

  7. WordPad мәтіндік редакторы Windows операциялық жүйесінің қандай тобына жатады?

  8. WordPad мәтіндік редакторын жабу әрекеттерін ата?

  9. Меңзер артындағы әріпті жою әрекеті?

ІІ Келесі арал «Ертегілер» аралына келеміз

Бір күні сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны компьютер кактусы деген кактусқа айналдырып, оны өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс келбетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Бақытына қарай дүкенде бір ақпейіл қыз жұмыс істейді. Ол компьютерге көмектескісі келеді. Егер ол этикетке дұрыс жазулар жазып, кактустың тікенектеріне ілсе, онда компьютер алғашқы қалпына келтіруге болатынын біледі. Өкінішке орай, бұл қыз информатика пәнін білмегендіктен, бұл сұраққа жауап бере алмады. Мүмкін сендер этикетке дұрыс жазу жазып, сиқыршыны бірге жеңе алатын шығарсыңдар?

1. Графиктік редакторда салынған суреттер бейнесін мәтіндік редакторға көшіру әрекетін ата?

2. Жазылған құжатты қағазға басып шығару үшін қандай әрекет орындаймыз?

3. Жазылған мәтіннің өлшемін қалай өзгертеміз?

4. Сөзді қалай белгілейміз?

5. Жазылған мәтінді қалай алдын – ала көреміз?

6. Жаңа құжатты қалай ашамыз?

7. Бұрын сақталған құжаттарды ашу үшін қандай әрекет орындаймыз?...



Каталог: uploads -> doc -> 036f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
036f -> Сабақ жоспары. Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта»
036f -> Сабақ тақырыбы «Lesson Study-сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл»
036f -> Оқу жылының І тоқсанында 5 «А» сыныбында атқарылған тәрбиелік шаралардың талдамасы
036f -> Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет