Мәңгілік Ел-ата-баба арманы Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алады емес пе?
Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі. Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғап, халық қорғаны бола білді.Соғыстың сұрапыл жылдарында ұлдарымыз бен қыздарымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп, күрсінген жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген, еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел-Аналар-ай! Жетпіс жыл орысша сайраған халқымыздың ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе, әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.
1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! (234 сөз)
Ә.мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Мәңгілік ел болудың негізі
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен .(167 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен пікірлерді пайдаланып, «Мәңгілік ел құраудың маңыздылығы неде?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.Эсседегі сөз көлемі170-200 сөз болуы қажет