Жас ер адам, Р., 26 жаста, кенеттен есінен айырылған, тері мен шырышты қабатының күрт бозаруы, қарашықтың кеңеюі байқалды. Жекелеген тырысулы дем алу тіркеледі. Шынтақ және ұйқы артерияларындағы пульс анықталмайды. Бірінші кезекте қандай іс-шаралар өткізесіз?
А.Орталық көктамырға кіруді қамтамасыз етіңіз.
В. дереу жоғары тәжірибелі дәрігердің кеңесіне жібересіз.
С. АҚ өлшеңіз.
D. ЭКГ-зерттеуді шұғыл орындаңыз.
Е. САВ схемасы бойынша реанимация жүргізуді бастаңыз +
К. атты 7 жастағы балада тыныс алудың кенеттен тоқтауы, тері жамылғысының цианозы, магистральді қан тамырларында пульсі анықталмауы байқалды. Шұғыл іс-шараларды атаңыз:
Эуфиллинді көктамыр ішіне енгізу.
Кеуде қуысының компрессиясы, өкпені жасанды желдету. +
Асқазанды жуу.
Оксигенотерапия.
Адреналинді жүрек ішілік енгізу.
44 жастағы Л. атты әйелді, жуынатын бөлмедегі еденде ессіз күйінде туыстары тапты. Тері жамылғысының бозаруы, акроцианоз, маңдай аймағындағы соғылу ізі байқалды. Жүрек тоқтағанда ең маңызды синдромды атаңыз:
А. Магистральды артерияларда тамыр соғуының болмауы. +
В. Маңдайдағы соғылу ізі
С.Акроцианоз.
D. Бозғылт-сұр тері түсі.
Е. Тырысулар.
Бала П., 3 айлық, ата-анасы баланың таңертең сағат 6-да өлгенін байқады. Түнгі сағат 3те анасы баланы емізген болатын. Жақында осыған дейін сау болды. Екі күн бұрын отбасылық дәрігер қарап шықты. Ата-аналар сау, отбасылық анамнезде күдікті симптомдар байқалған жок. Кенеттен өлім синдромы анықталды. Ұйқы кезінде сәбидің қай жағдайында кенеттен қайтыс болу синдромының даму қаупі төмендейді?
А. Іште.
В. Арқада. +
С. Отырған күйде.
D. Бүйірінде.
Е. Тренделенбург қалпында.
5. Кешкі уақытта турник маңында жасөспірімдер Д.атты, 15 жасар сыныптастарын, ессіз күйде тапты. Жедел жәрдем бригадасымен кардиопульмональды синкопе орнатылды. Бұл шұғыл жағдайдың негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.
В. ұйқыдағы және басқа артериялардағы тамыр соғуының жоғалуы.
С. бозғылт түсті тері.
D. қарашықтардың кеңеюі, жарыққа реакцияның болмауы.
Е. жоғарыда аталғандардың барлығы +
6. Бала5 жаста, 3 апта бұрын скарлатинді басынан өткерген. Кенеттен бас айналып, терісі бозарып, есінен айырылып қалды. Тыныс алу мен пульстің болмауы анықталды. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді талап етеді. Реанимациялық іс-шараларды жүргізу кезінде науқас қандай жерде болуы тиіс?
А. еденде.
В. төсек.
С. креслода.
D.диванда.
E. кез келген қатты және горизонтальды беткейде. +
7. 33 жастағы Т. атты ер адам жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді қажет етеді. Бұл зардап шегушіге кеуде торының компрессиясы қандай тереңдікке жасалуы қажет?
А. 1-2 см дейін.
В. 2-3 см.
С. 3-4 см.
D. 4-5 см.
Е. 5-6 см. +
8. Құрылысшы Н., 52 жаста, құрылыста жұмыс істеген, нашар бекітілген плита үстіне құлап кетті. Ер адам есінен танып қалды. Өтіп бара жатқан адам пульс пен тыныс алуды анықтай алмады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Кеуде торының компрессиясы басталды. Жүрекке тікелей емес массаж жасау кезінде қандай асқынулар туындауы мүмкін?