Абай әлемі пәнінен бақылау жұмысы



Дата08.02.2022
өлшемі23,7 Kb.
#98860
Байланысты:
Абай әлемі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Абай әлемі пәнінен
бақылау жұмысы

Орындаған: ДДО-823с тобының
студенті Рамазанова А.

Семей 2019-2020 оқу жылы


Абай және Алаш
Абай дүние салған күннен бастап Алаштың қайраткерлері Абайды жоқтай бастады. Соның бәрі емес. Абайды таныған, білген, түсінген ортасы. Оның біріншісі Әлихан Абай қайтыс болғанда қазанама жариялап, Абайдың өмірбаянын жазып, туған-туыстарына, халыққа көңіл айтқан. Кейін Абайдың өлеңдерін жинап, кітап шығару керек екенін де алғаш айтқан. Қайым Мұхамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» деген еңбегінің Көкбайға арналған бөлімінде былай дейді: «Көкбай 1905 жылы Семей қаласында Әлихан Бөкейхановпен танысып, сол жылдан бастап екеуі дос болып кетеді. Көкбай Әлиханды 1905 жылдан бұрын да білетін. Абайдың көзі тірісінде, 1903 жылы орыс тілінде басылып шыққан «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деп аталатын көп томды кітаптың қазақ даласының тарихына арналған 18-томында, осы кітапты жазушылардың бірі Әлихан Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетін баяндай келіп, Абай туралы былай деген: «Наконец, как представителя нового течения в киргизской поэзии, следует назать Кунанбаева – автора многих стихотворений изящних по форме и поэтический по содержанию (особенно описания природы). Этому же автору принадлежит переводы «Евгения Онегина» и многих стихотворений Лермонтова (который оказался наиболее понятным для киргиз), таким образом у Семипалатинских оленши (певцов) можно слышать, например, «Письма Татьяны» распеваемое, конечно, на свой мотив».
Сөйтіп, Абайтанудың алғашқы қадамын бастаған Әлихан Бөкейханов болған. Бұл кітап Абайдың өз қолына да тиген және Көкбай, тағы басқа Абай шәкірттері де жақсы таныс еді. Сондықтан олардың Әлиханға деген қадір-құрметі зор болған».
Әлихан өзінің кейінгі мақалаларында Кәкітай, Тұрағұл бар Абайдың өлеңдерін жинап, Семейде, Омбыда өз орталарында талқыға салып, тақырыптарға топтап, жіктегендерін жазады. Бір жағынан Әлиханның Шәкәріммен туысқандығы бар. Бөле десе де болады. Өйткені, Құдайбердінің алған бір әйелі мен Әлиханның шешесі апалы-сіңлілі. Әлекеңмен туыстығы бар дейтініміз сол. Ауылдары да жақын. Қарқаралы, арғы жағы Шыңғыстау. Әлихан арқылы Ахмет, Міржақып, Мағжандар да тани бастады. Ахметтің өзі де айтады: «Абай Абай дегенге өзіміздің Әубәкір сияқты ақын екен деп ойлаушы ем, сөзі аз, мағынасы терең екен» деп. Алғашқы танығанда көбінесе ойының тереңдігіне мән бере таныды. Әлиханның танытуында да, Ахметтің танытуында да көбінесе Абайдың ой теріңдегі, өлең жазуының жаңаша үрдісі сөз болады. Абайтанудағы одан кейінгі кезең ақынның көркемдік жетістіктері, шығармашылығындағы эстетикалық дүниелерді тану еді. Ол кезеңге Алаш қайраткерлерінің өзі дендеп бара алмады. Уақыт басқаша болды. Бірақ Жүсіпбек бара алар еді менің ойымша. Оның «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласы Мағжан әлемінің әрбір көркемдік келбетін ғажап ашқан. Бұдан кейінгі Мағжан туралы жазылған ешбір монография мен зерттеулерде дәл осындай дәлдікпен Мағжан ашылған жоқ. Сол себепті, Абайға Жүсіпбек бара алады дегенім осы. Әуезовтің Абайы, оның абайтанудағы үлесі белгілі тақырып.
Абайды қазақтың рухани әлеміне енгізу арқылы алаштықтар өздері де жолдарын Абай арқылы тапты. Ең бірінші қазақтың сөйлеу образын, сөйлем құрауын Абайдан алды. Ахметтің сөзді түрлеп жазу деген әдістерінен де Абайдың мәдениетін көруге болады.
Абайдың ақын шәкірттері, айналасы, балалары шынында Алаш қозғалысына жақын, өте етене араласты. Бірақ бұл жерде екі қайшылықты нәрсені айта кету керек. Біріншіден, Абай «өздеріңді ел болар дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деп отыр ғой. Абайдың заманы өзіне әлдеқайда қараңғы көрініп еді. Абай түңілісте болды. Елден, қазақтан көңілі қалған сезімде жүрді. Ал Алаш қайраткерлерінде керісінше үмітті көңіл-күй. Ел боламыз, мемлекет боламыз деген. Бұл да мүмкін заманына байланысты. Абай кезі патшаның отарлау саясатының әбден бір шыңына жеткен жері, Алаштықтардың кезі патшаның, төңірегінің әлсірей бастаған, орыс демократтарының, интеллигенциясының бас көтеріп келе жатқан уақыты. Абайдың туыстарының Алаш қозғалысына қатысулары заңды. Бүкіл оқиғалар Семейде болып жатты. Ол жердегі елдің алды Абай балалары, шәкірттері. 1917 жылы патша тақтан құлағаннан бастап Тұрағұл, Кәкітай, Шәкәрім Семейдегі съездердің бәріне қатысып отырған. Қайым Мұхаметханов Тұрағұл туралы жазғанда оның Алаш жиналыстарында құрметті төраға болып отырғандығын айтады.
Қазақ автономия болсын деген сөз 1917 жылдың көктеміндегі алғашқы съезде Семейде айтылған. Ол жиында Тұрағұл да, Мекаил да болған. Яғни басқа жиындарда осы идея сөз бола бастайды. Абайдың балаларын Алаш қайраткерлері өте қатты құрметтеген. Оның бір мысалын айтайын. Алаш автономиясы құрылғаннан кейін Орынбордан Міржақыпты, Тұрағұлды, Әзімхан Кенесаринды, Бақтыкерей Құлмановты Түркістан автономиясымен келіссөз жүргізуге Түркістанға жібереді. Сырдария қазақтарының съезін ұйымдастырады. Сонда қарасаңыз, Әзімхан Кенесарин Кенесарының немересі, Тұрағұл Абайдың баласы. Меніңше, бұларды құрмет тұтып, қазақтың үлкен тұлғаларының балалары деп арнайы жіберген. Кейіннен Шәкәрім атамыздың Алаш қайраткерлерімен келіспей, ауылына кетіп қалған кезі болды. Бұл – 1918 жылдың жазы. Семейде қазылық етіп жүрген уақыты. Бірақ бұл жерде бір нәрсеге назар аударуымыз керек. Қажы бұл жерде Әлихан, Ахмет, Міржақып сияқты үлкен қайраткерлерге емес, жергілікті жердегі бір-екі өкілінің әділетсіз қылығына түңіліп кетіп қалған. Кейде бізде Шәкәрім Алашорданы қолдамаған деген жаңсақтау пікірлер айтылады.
Семей облыстық қазақ соты құрылғанда қазы (сот) боп Шәкірім қажы сайланды. Ол таза қазақтарға ғана қатысты дауларды қарады. Бір жылда мыңға жуық үкім шығарған екен. Тұрағұл Алаштың атты әскері құрылған кезде атты әскердің басы болып Рубцов қаласына аттанған. Мекаил да сондай қызметтерде болған.
Әнияр Молдабаев Абайдың Семейден алып берген үйін Алаш үкіметіне мекеме етіп берген. Ол кісі банк қызметінде болған адам екен. Әнияр Мағауиялармен қатар оқыған көрінеді. Абайдың бір әдеті ел ішінде оқуға ынталы, адам болады дегендерден өз қаржысын аямаған. Әнияр да сондай Абайдың ықыласы түсіп, ақын қаржысына білім алған, шапағатын көрген адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет